Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде кооператив өнімдеріне сұраныс жоғары

Сыр өңірінде кооператив өнімдеріне сұраныс жоғары

Бүгінде Сыр өңірінде екі жүзден астам кооператив жұмыс істейді. Олардың құрамында мыңға тарта жеке шаруа қожалығы бар. Аймақта агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жарқын үлгісін былтыр Қазалы ауданында құрылған «Шеңгелді» өндірістік кооперативінің жұмысынан байқауға болады. Кооператив бір жыл ішінде ішкі сұранысты өтеп қана қоймай, сыртқы нарыққа да өнім экспорттаған. 40 адам біріккен «Шеңгелді» кооперативі «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» арқылы қол жеткізген 160 млн теңгеге жеңілдетілген несиеге мың сексен бас ірі қара сатып алды. Жетесәлі Мұратбай, «Шеңгелді» өндірістік кооператив төрағасы: – Малды көбінесе жергілікті жерден алдық. Қостанайдан да алдық, Оралдан алдық. Шөпті өзіміздің шаруашылық есебінен қамтамасыз етіп отырмыз, жоңышқасын барлығын сырттан біз алмаймыз. Талапқа сай салынған қора-жайға әкелінген түлік 3 ай көлемінде бордақыланады. Асылтұқымды бұқалар арнайы жемделіп, салмағы жарты тоннаға дейін жеткізіледі. Сәкіл Ысқақов, зоотехник: – Рацион құрамында сүрлем жүгері бар. Сосын жоңышқа мен табиғи шөптің қоспасы арнайы сүрленіп, ашытылып дайындалады. Траншеяда дайындаймыз. Құрама жем, арпа, бидай өзіміздің шаруашылықта өсірілген. Бізде ешқандай мал семіртуге дәрі-дәрмек қолданбайды. Облыс бойынша ағымдағы жылы индикативтік жоспар артығымен орындалып, 20 кооператив құрылып отыр. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы биыл 15 кооперативке 1 млрд 56 млн теңге қаржы бөлінді. Баяділ Сәдиев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ҚФ директорының орынбасары: – Жалпы 2016-2017 жылдары 31 кооператив бізде қаржыландырылды. Жалпы несие көлемі 3 миллиардқа жуық теңгені құрады. Кооперативке бірігу агробизнеске жаңаша серпін бергені байқалады. Өйткені жұмыла көтерген жүк жеңіл екенін түсінген қазалылық шаруалар енді өнімдерін Қытай мен Жапонияға экспорттауды жоспарлап отыр.
Авторлары: Қамбар Бекенов, Қанат Еңсебаев, Руслан Айтмамбетов
24.kz

28 желтоқсан 2017 ж. 1 656 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 74

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930