Пайдасы мол 7 сусын
Газды сусындардың пайдасынан зияны, осыны біле тұра шөлдесек болды оларға жүгіретініміз бар біздің. Немесе бірден түрлі тәтті сусындарға жүгінеміз. Алайда, одан келіп кетер пайда бар ма? Қандай? Жауап таппасаңыз, пайдасы мол 7 сусынға назар салыңыз.
Су
Улы заттарды шығарады, асқазанның жұмысын реттейді. Сонымен қатар, тамыр мен буындардың жағдайын жақсартады.
Анар шырыны
Жүрек пен тамылардың жұмысын реттейді, гиперония, анемия ауруларына пайдалы.
Жалбыз шайы
Асқазаннан сөл бөлінуін қамтамасыз етеді, тыныштандырып, қан қысымын түсіреді, ұйқысыздықпен де күресуге көмектеседі.
Айран Асқорытуды жақсартатын бірден-бір пайдалы азық айран екені ешкімге таңсық емес.
Алма шырыны
Бауырдың, бүйректің, қуық қалбыршағының жұмысына пайдасын тигізеді.
Мүкжидек
Мүкжидектегі С дәруменінің жоғары болғандығынан иммунитет нығая түседі. Сондай-ақ, ыстық түсіруде де пайдасы зор.
Түймедақ шайы
Бактерияға қарсы әсері бар, онымен қоса, жүйке жүйесін тыныштандырып, сергітеді.
Сіздің денсаулығыңыз өзіңіздің қолыңызда, тыныштандырып, қан қысымын түсіреді, ұйқысыздықпен күреседі.
anabol.kz
Alashainasy.kz