Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сүт сарысуының құпиясы

Сүт сарысуының құпиясы

Сарысуды көпшілігіміз білеміз, себебі анамыздың ірімшік пен сүзбе жасағанда артық қалдықтары деп төгіп тастайтынын көргенбіз. Дегенмен, сарысу медицинада, аспаздықта және косметологияда кең қолданысқа ие. Оның адам денсаулығы үшін сан түрлі пайдасы бар. Төменнен таныса отырыңыздар.
Сарысу — сүт өнімдеріне жатады және ақуызға өте бай. Сол себепті оны ішкенде аштықты қатты сезінбейсің әрі құрамында май болмайтындықтан, артық салмақтан арылу үшін пайдасы орасан зор.
Сонымен қатар, құрамында бағалы микроэлементтер, калий, кальций, магний, фосфор бар және А, Е, РР, С, В тобындағы барлық дәрумендер кездеседі. Сарысудың құрамындағы 200-ге жуық құнарлы зат пен биологиялық белсенді элемент адам денсаулығы үшін өте пайдалы.
Сусынның пайдасы:
— Бүйрек пен бауыр жұмысын жақсартады;
— Ішектің жиырылуын арттырады;
— Ағзадағы артық сұйықтықты шығарады, шлак пен улы заттарды жояды;
— Жүкті аналарға өте пайдалы;
— Қан айналу жұмысын жақсартады және жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларын болдырмайды;
— Қан қысымының артуын қадағалайды және буын ауруының алдын алады;
— Тері ауруларын емдейді;
— Асқазан ауруларының алдын алып, жарасын жазады;
— Жүйке жүйесін тыныштандырып, бет терісін тегістейді;
— Тамақтан уланған кезде және созылмалы іш қатуға жақсы көмектеседі;
— Ұйқы безінің қаынуын емдейді;
— Жүректің ұстамалы ауруының алдын алады;
— Мидың қан айналу жұмысын реттейді;
— Қант диабетімен ауыратындарға жақсы дәрі боып табылады;
— Артық салмақтан құтылуға көмектеседі;
— Несеп жолында тас пайда болған ауыруларға күніне 1 стаканнан ішу керек ;
— Қақырық түсіруге көмектеседі.
Косметологтар сарысудың бетті ағартатын, теріні тазалап, жасартатын және шашты қатайтып, жылтырататын қасиетке ие екенін айтады.
1. Бетіңіздегі бөртпелер мен дақтарды кетіру үшін бірдей көлемде сарысу мен сүзбені араластырып, бетіңізге маска жасайсыз. Шамамен 10-15 минуттан соң салқын сумен жуыңыз. Нәтижесін жуық арада көресіз.
2. Бетті ағарту үшін сарысу мен лимон шырынын араластырып, бетті сүртесіз.
3. Сарысумен шашты жуатын болса, шаш түбі қатайып, қайраттанады әрі жылтырап, жібектей жұмсақ болады.
06 ақпан 2018 ж. 18 384 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031