Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Велосипедшілер өзімен бірге құжаттарын алып жүруі керек пе?

Велосипедшілер өзімен бірге құжаттарын алып жүруі керек пе?

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері велосипедшілердің құжаттарын тексеру мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Қазіргі уақыттағы заңнамаға сәйкес, велосипедті көлік құралы ретінде және велосипедшіні мемлекеттік тіркеуге тұрғызуға болмайды. Велосипедші өзімен бірге қандай да бір құжат алып жүруге міндетті емес", - деп хабарлады ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері Facebook желісіндегі парақшасында. Сондай-ақ, ведомство өкілдері полиция өкілдерінде ұрланған велосипедтер жайлы мәлімет болған жағдайда велосипедтің сериялық нөмірін тексере алатындарын айтып өтті. Мұның алдында Астана ІІД өкілдері велосипед құжатын талап еткен полицейдің әрекетін түсіндірген еді. Еске сала кетейік, осыған дейін астаналық полиция қызметкерлерінің тұрғындардан велосипед құжатын көрсетуді талап еткені түсірілген видео таралған еді. "Велосипед құралын сізге сатқан кезде көк кітапша беріледі. Кітапшада нөмір көрсетіледі. Сандар сәйкес болуы керек. Келеңсіз жағдай тумауы үшін ол кітапшаны әрдайым өзімен бірге алып жүру керек", - деп түсіндірген еді видеода полиция қызметкері.
Kaz.tengrinews.kz
25 шілде 2018 ж. 1 608 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930