Парижде құны 65 миллион еуро тұратын пәтердің иесі кім?
Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Парижде құны 65 миллион еуро болатын пәтердің иесі жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз Франциядағы әріптестерімізге сауал жолдадық, жауабы келді. Бірақ салық төлейтін адам бізге оған қатысты мәлімет беруге рұқсат бермеді, сондықтан ештеңе айта алмаймыз. Ол салық құпиясы. Пәтер заңды түрде алынған, салықтар төленген. Сондай-ақ, ол бізге өзінің табысына қатысты мәліметті көрсетті. Ол ақшаның барлығы өзіне тиесілі. Ол үкіметтің адамы емес", - деп хабарлады комитет төрағасының орынбасары Мәди Тақиев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Мұның алдында шетелдік БАҚ өкілдері Парижде 65 миллион еуро тұратын пәтерді Қазақстан үкіметінің өкілі сатып алғаны жайлы хабарлаған еді. Айтуларынща, пәтерде бес жатын бөлмесі, SPA-аймағы және арнайы бассауға бөлмесі бар. Пәтердің жалпы аумағы - 1 200 шаршы метр.
Кейінірек ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мүліктің мемлекеттік ақшаға алынуы мүмкін емес мәлімдеген болатын.
kaz.tengrinews.kz