Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйіңізге полицей келсе не істеу керек?

Үйіңізге полицей келсе не істеу керек?

Үйіңізге полиция келсе не істеу керек? Оларды үйге кіргізуге міндеттісіз бе? Қандай жағдайда мұны істемеуге болады? Сіздің құқықтарыңыз қандай? Заңгер Бақыт Қасымбеков айтып берді.
Есікті біреу қағып, полиция өкілі екенін айтқанда, оның шынымен құқық қорғау органының қызметкері екеніне көз жеткізіп алу керек. Негізі олар заң бойынша:
Аты-жөнін, қызметтік шенін айтуға;
Қызметтік киім киіп жүруге;
Қызметтік куәлігін көрсетуге;
Келген мақсатын айтуға міндетті.
Егер оған қатысты қандай да бір күмән-күдігіңіз болса, ішкі істер басқармасына телефон шалып, анық-қанығын біле аласыз. Заңгер бұны полиция қызметкеріне есік ашпай тұрып біліп алуға кеңес береді.
Полицейді үйге кіргізу керек пе?
Міндетті емес. Нақты бір салмақты себеп болмаса, полицейдің үйіңізге кіруге құқы жоқ. Онымен есікті ашып, подъезде сөйлесе беруіңізге болады. Тіпті тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркелгенін, пәтерден шығып жатқан айқай-шуды тексеруге келген полицейдің де үйге кіруге өкілеттігі жоқ. Дегенмен уақытша тіркеудің болмауы мен қоғамдық тыныштықты бұзу әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қарастырылуы мүмкін. Ол үшін көршілердің жазбаша түрдегі арыз-шағымы болуы керек. Сонда ғана полицей үйге кіре алады. Оның өзінде сіздің рұқсатыңызбен ғана.
Егер пәтеріңізге үстіңгі қабаттағы көршілерден су кетіп жатса да, ешбір құқық қорғау саласының қызметкері ПИК (КСК) өкілдері мен көрші-куәгерлерсіз үйіңізге кіруге құқылы емес.

Ал келген полицей сізге қандай да бір жағдайдың куәгері болуды ұсынса, оған ешкім міндеттемейді. Келісу-келіспеу туралы шешімді өзіңіз қабылдайсыз.
Полицей қандай жағдайда үйге рұқсатсыз кіре алады?
ҚР “Ішкі істер органдары туралы” заңға сәйкес, полицейлер үйіңізге төмендегі жағдайларда ғана рұқсатсыз кіре алады:
жеке адамдардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдардың ізіне түсу кезінде;
сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалағанда немесе жасалу кезінде;
жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болған кезде;
дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде жеке адамдардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн кіру.
Бұдан басқа жағдайларда полицей үйге баса-көктеп кіре алмайды.
Полицей қандай құжаттарды сұрауы мүмкін?
Полицейдің тек жеке бас куәлігін ғана сұрауға құқы бар. Одан өзге азаматтық-құқықтық келісімдерді, сату-сатып алу, жалға алу құжаттарын сұрау оның өкілеттігіне кірмейді.
Уақытша тіркеу жоқ. Айыппұл сала ма?
Полицей тек тұрғылықты жер бойынша тіркеу туралы сұрай алады. Оны тек мекенжай анықтамасымен дәләлдеуге болады. Бірақ ол анықтама тек 10 күнге жарағандықтан, полицей келгенде оның заңдық күші жойылып кетуі мүмкін.
Оны тексеру үшін де көршілердің пәтер нөмірін көрсетіп, онда біреудің заңсыз тұрып жатқанын дәлелдейтін жазбаша арызы керек. Осы бойынша құқық қорғау саласының өкілі бірінші рет келгенде тек ережелерді түсіндіріп, тіркеуге тұрудың міндетті екенін түсіндіреді. Ол екінші рет келгенде (30 күннен кейін) де тіркеу болмаса, 7 АЕК (16 835 теңге), қайталанса 13 АЕК (31 265 теңге) айыппұл салынады. Бұндай жағдайда үйін жалға берген адам да жазаланады: жалға алушы адамдардың 10 күннен астам тіркеусіз тұрғаны үшін 10 АЕК (24 050 теңге), қайталанса 20 АЕК (48 100 теңге) айыппұл төлейді.
Полицей қандай жағдайда үйді тінте алады?
Үйге тінті жүргізу үшін прокуратураның немесе соттың шешімі керек. Егер ол полицейдің қолында болмаса, тінту жасап кеткен соң 24 сағат ішінде сол шешімді пәтер иелеріне беруі керек.
Полицейдің құқық бұзғаны жөнінде қайда шағымдануға болады?
Егер полицей сізбен дөрекі сөйлессе немесе ақылға сыйымсыз талаптар қойса, аудандық ІІБ немесе қалалық ІІД басшысына, прокуратураға, сотқа арыздана аласыз.
22 мамыр 2018 ж. 1 845 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930