Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығыс Қазақстанда «Қазақ елі» монументі бой көтерді

Шығыс Қазақстанда «Қазақ елі» монументі бой көтерді

   «Туған жер» акциясы аясында, Астананың 20 жылдық мерей тойына арнап, Аягөздегі Тарлаулы ауылының жаңа алаңында «Қазақ елі» монументі бой көтерді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
   Монументтің биіктігі – 12 метр. Бұл біздің 1991 жылы тәуелсіздік алғанымызды білдіреді. Оның ұшар басында орнатылған күн, астында қанат жайған Самұрық құс – егемен еліміздің ертеңі мен күш-қуатының мықты екендігін аңғартатын нысан. Монумент қазақ архитектурасының қуаты мен жетістігін бейнелейді. Сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның тарихы, мәдениеті мен дамуын көрсетеді.
  Тарлаулы ауылындағы құны 1,5 млн теңгені құрайтын «Қазақ елі» монументін жасаған 1978 жылы «Қызылқия орта мектебін» бітірген түлектер.
   2018 жылдың маусым айында «Туған жер» акциясы аясында және де Астананың 20 жылдық мерей тойына арнап Тарлаулы ауылында 1998 жылы мектеп бітірген «Қызылқия орта мектебінің» түлектері құны 700 мың теңгені құрайтың «Хоккей қорабын» ауыл жастарына сыйға тартты.

Baq.kz
12 шілде 2018 ж. 1 275 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 38

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 31

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31