Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астананың төл құрдастары кездесті

Астананың төл құрдастары кездесті

“Нұр Отан” партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында Астананың 20 жылдығы қарсаңында айбынды Астананың төл құрдастары кездесті. Аталған шараны “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан ашып, жалынды жастарды мерейлі мерекемен құттықтады.
Шара барысында Астана құрдастары Қазақстанның бүгіні мен болашағы жайындағы ойларын айтып, егемен елдің гүлденуі жолындағы жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдірді. Солардың бірі – Гүлзат Бахкелдіқызы: “Мен 1998 жылы Қазалы ауданында дүниеге келдім. Мектепті бітірген соң Алматы қаласындағы Еуразиялық технологиялық университетіне электро-энергетика мамандығы бойынша оқуға түсіп, қазір оқу орнының ІV курс студентімін. Биыл қазақ елінің жаңа орталығы, ерке Есіл жағасындағы Астанаға 20 жыл толды. Бұл ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, қазақ халқының мерейлі мерекесі. Қазақстан, Астана атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Сарыарқа төсінен бой көтерген астана бүгінде елдің мақтанышына айналды. Тәуелсіз Қазақстанның бізге, яғни жастарға берген мол мүмкіндігінің арқасында қазір көптеген замандастарым шет елдерде білім алуда. Мен де жоғары оқу орнын бітірген соң, өз туған жеріме келіп, жұмыс жасап, гүлденуіне қомақты үлесімді қоссам деймін”, – дей келе құрдастарын айтулы мерекемен құттықтады.
Жарқын жүзді жүздесу үстінде астана құрдастарына “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалы атынан арнайы лебіз хаттар табысталды.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА

05 шілде 2018 ж. 1 700 0

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 39

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031