Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астананың құрдастарымен кездесті

Астананың құрдастарымен кездесті

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының мәжіліс залында Астананың 20 жылдығы мерекесі қарсаңында Айбынды Астананың төл құрдастары кездесті. Аталған шараны "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы ашып, жүргізіп,жалынды жастарды мерейлі мерекемен құттықтады. Шара барысында Астана құрдастары Қазақстанның бүгіні мен болашағы жайында өз ойларын айтып, Егемен елдің гүлденуі жолында жасалып жатқан игі істерге ризашылықтарын білдірді. 
Ахмет Гүлзат Бахкелдіқызы "Мен 1998 жылы Қазалы ауданында дүниеге келдім. Мектепті бітірген соң Алматы облысындағы Еуразиялық технологиялық университетіне электроэнергетика мамандығы бойынша оқуға түсіп,қазір сол оқу орнының ІV курс студентімін. Қазақ елінің жаңа орталығы, Ерке Есіл жағасында бой көтерген Астанаға 20 жыл толды. Бұл ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, қазақ халқының мерейлі мерекесі. Қазақстан, Астана –атаулары егіз ұғымға айналып кетті. Сарыарқа төсінен бой көтерген астана бүгінде еліміздің мақтанышы, даламыздың көркіне айналды.Менде осынау әсем қаламен бірге өсіп-өркендеп, гүлденіп келемін. Тәуелсіз еліміздің бізге, яғни жастарға берген мол мүмкіндігінің арқасында қазір көптеген замандастарым шет елдерде білім алуда. Менде жоғары оқу орнын бітірген соң, өз туған жеріме келіп, жұмыс жасап, туған жерімнің гүлденуіне өз үлесімді қоссам деймін"-дей келе құрдастарын айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ шара соңында астана құрдастарына "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының арнайы Лебіз хаты табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
04 шілде 2018 ж. 1 242 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 39

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 127

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031