Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасиетті айдағы қайырымдылық

Қасиетті айдағы қайырымдылық

Биыл Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауыл мектебін бітіргендер туған жер төсінде бас қосты. Осыдан тура 15 жыл бұрын, Б.Әбдіразақов атындағы №88 мектептен түлеп ұшқан түлектер “Орынбет ишан” мешітінде қасиетті айда Ораза ұстаған жандарға арнап ауызашар ұйымдастырды.
Кең жайылған дастарқан басында мешіттің бас имамы Ғабдулла Ізат жастардың оң бастамаларына ризашылығын білдіріп, қасиетті айдағы қадамдарына оң болсын айтты.
– Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде «Рамазанның берекесі – мейірімділік көрсету мен ізгі амалдар жасаумен арта түспек. Жетім мен жесірге, жоқ-жітікке қарайласу мұсылманның мерейін үстем қылады. Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі Алла жолында жиһад жасағанмен, әр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – деп айтылғандай, қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауапқа кенелейік ағайын, – деді Ғабдулла қажы.
Түлектер ауыл мешітіндегі ауыз­ашар барысында тағы да бір жағымды жаңалықтарымен қуантты. Олар айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айында ауылдағы тұрмысы төмен он отбасына азық-түлік өнімдерін табыс­тап, алғыс алды.

Ж.СОВЕТҰЛЫ

* * *

Әйтеке би кентіндегі Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепті 1987-1988 оқу жылында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тасбике Жаппарованың сыныбынан бітірген түлектер 30 жылдық кездесуге жиналып, биылғы жас түлектердің «Соңғы қоңырау» кешіне шақырылған болатын. 33 түлектің атынан келген кеш қонақтары мектептегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасынан үздік оқитын 10 оқушының әрқайсысына 15000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіп, бүлдіршіндердің ризашылығына бөленді.
Отыз жылдыққа жиналғандар атынан аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Қалиев, М.Алманиязов, Ш.Жарасова жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Түлектер мен кешке қатысу­шыларға ізгі тілектерін арнаған және Рамазан айында қайырымдылық жасап, балдырғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған азаматтардың игі ісі көпшілікке үлгі етуге тұрарлық.

Мұрат НҰРМАНҰЛЫ
15 маусым 2018 ж. 5 738 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 43

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930