Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана күніне алғыс хат табыстады

Астана күніне алғыс хат табыстады

Астана күні мерекесі қарсаңында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен еліміздің бас қаласы - Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті.

Мерекелік кешке «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төраға орынбасары И.Құттықожаев, сала ардагерлері, мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде филиал директоры Айдын Кайруллаев жиналған қауымды мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі тойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

"Бұл мереке Қазақстан Республикасының игілігі үшін жасалатын барлық бастамаларымыз бен жаңашылдықтарымызға сенімділік береді!
Алдағы уақытта жарқын Астанамыз одан әрі өркендей берсін, біз ол үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз», - деді Айдын Бөкенбайұлы.

Шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың және филиал директорының Алғыс хатымен 40-тан аса сала үздіктері марапаттылды. Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында аталып өткен Байланыс және ақпарат құралдары күніне орай бір топ БАҚ өкілдері Алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.
05 шілде 2018 ж. 2 911 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 27

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930