Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 100 сағаттық оқу курсын аяқтады

100 сағаттық оқу курсын аяқтады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының 30-дан аса қызметкерлері үш айлық деңгейлік оқыту курсын тәмамдап, бүгін қазақ тілі бойынша білімдерін шыңдағандығы туралы сертификаттарын алды.
Халықпен етене жұмыс істеу - мемлекеттік қызметкерге жүктелер басты міндет және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Білімді маман – кез келген мекеменің жұмыс тиімділігін арттыруға әсері зор. Сондықтан мемлекеттік корпорация тарапынан қызметкерлердің әрдайым өз білімдерін жетілдіріп отыруына барлық жағдай жасалып отыр.
«Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында Филиал қызметкерлеріне тегін негізде оқыту курстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде үш тұғырлы тіл саясаты – мемлекетті жарқын болашаққа жолы. Осы орайда, басшылық тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта біздің қызметкерлердің қазақ тілін терең меңгерумен қатар, ағылшын және орыс тілдерін де тегін оқуға мүмкіндігі бар. Тәлімгер ретінде облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандарын шақырдық. Оқыту сабақтары қызметкерлерге тиімді уақытта, филиалдың оқыту кабинетінде өтіп жатыр. Бүгін 30-дан аса қызметкерлеріміз 100 сағаттық оқу курсын аяқтады. Қалған мамандар оқуын жалғастыруда», - дейді мемлекеттік корпорацияның HR және СМЖ дамыту басқармасының басшысы Жанар Ахетова.
17 маусым 2018 ж. 1 286 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 150

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 135

Талантымен топ жарғандар

07 наурыз 2026 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031