Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көп балалы аналарды көктем мерекесімен құттықтады

Көп балалы аналарды көктем мерекесімен құттықтады

"Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның "Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ" жобасы аясында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай нұротандықтар көп балалы аналарды көктем мерекесімен құттықтады. Аналарды құттықауға арналған шараға "Нұр Отан" партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәмбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы қатысып, көп балалы аналарды көктемнің шуақты мерекесі аналар күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аналарды ардақтауға арналған шара барысында нұротандықтар Әйтеке би кентінің тұрғыны, 7 баланың анасы Бисенова Назипаның шаңырағында болып, 8-інші бөбегіне аяғы ауыр ананы мерейлі мерекемен құттықтап, сый-сыяпат үйлестірді. "Мен көп балалы анамын. Күйеуім 3 топ мүгедегі, өзім жұмыссызбын. 2 бөлмелі сарайда тұрсақта бала-шағамыздың қасындамыз, шүкір бақыттымыз. Әрдайым менің отбасымды назардан тыс қалдырмай осылай көмек көрсетіп жүретін "Нұр Отан" партиясы алғысым шексіз"-деді Бисенова Назипа.
Сондай-ақ мереке қарсаңында аудандық партия филиалына өтініш айтып келген көп балалы ана, Ақтан батыр ауылының тұрғыны Шоқанова Орынайға №11 Сырым батыр сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ізмағанбетов Бауыржан Тәңірбергенұлының демеушілігімен 10000 (он мың) теңге қаржылай көмек көрсетілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
07 наурыз 2018 ж. 2 590 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 199

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930