Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазы – иттің төресі

Тазы – иттің төресі

Қазақ «Ат жақсысы – бозы, ит жақсысы – тазы» дейді. Тазыны ер жігіттің үш жолдасының біріне балайды. Ертеден саятшылыққа, аңшылыққа жаны құмар қазақтың жанына жүйрік аты, қыран бүркіті мен құмай тазысы қатар ілескен. Бүгінде сол сал-серілердің ізін жалғап, тазы баптап, ата-баба жолын жалғап жүрген жастар бар. Солардың бірі – Әйтеке би кентінің тұрғыны Дәуірхан Қанибаев. Ол алты жылдан бері тазы өсірумен айналысады. Бала күнімнен бәйгеге атқосуға қызығып өстім деген жігіттің бойында қазақылықтың иісі бұрқырап тұр.
Әңгіме басын «Қазақ болғандықтан жүйрікке, тазыға жақынмын» деп бастаған Дәуірханның тазыға деген қызығушылығы студент шағында ояныпты. Мамандығы мал дәрігері. Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінің түлегі. Дәуірхан зерттеп-зерделей келе, Астана қаласында тұратын шиелілік азамат Ұлағат Ханзададан ең алғашқы «Ұшар» деген тазысын алған.
– Қазақтар тазыны жарғақ құлақ тазы және шашақ құлақ тазы деп екіге бөледі. Оның бірін салюкиден, екіншісін слюггиден таралған тұқым дейтіндіктен бірінің құлағының жарғағы үлкен, екіншісінің құлағында көп жүн өскен. Шынымен-ақ жарғақ құлақ тазының құлағында ешқандай жүн болмайды, ал шашақ құлақ тазының құлағының жүні ұзын, шашақ тәрізді болады. Ал бұған қоса "дүрек" (дүрегей тазы) деп аталатын тазы мен қазақы иттердің будандасуынан шыққан терісі қалың, суыққа шыдамды, денесі кесек, қасқырды алатын батыл тұқымы да кездеседі. Дүрек немесе дүрегей тазы қасқырдың аяқ тарамысын қиып жібереді, – деді тазы туралы әжептеуір білімі бар Дәуірхан Әділбекұлы.
Дәуірхан дайындаған Ұшар 2020 жылы «Шығыс Салбұрыны»республикалық жарыста қасқырға түсу бойынша бірінші орын алған. Көкшетауда ұйымдастырылған Шырға тарту сайысында үшінші орынды қанжығаға байлап қайтыпты.
– Қазақұғымында ең жақсы ит – құмайды иттен емес, «итала қаз» деген ала құстың жұмыртқасынан шығыпты деген тәмсіл бар. Ол құс қасқыр мен аюдың ескі апандарын немесе таудың үңгірлерін мекендейді. Құмай тазы туралы аңыз-әфсаналарға зер салатын болсақ, "Итала қаз жұмыртқасын елсіз және биік төбелердегі ескі, айдаладағы мазарларға салады, ол үшін сол жерден әр түрлі аң және басқалар тастап кеткен інді пайдаланады. Жұмыртқадан "құмай" деген лақап атқа ие болатын тазы ит шығады. Олар титімдей болып жарық дүниеге келеді, төстері қара ала болады, керемет шапшаңдығымен, батылдық және ептілігімен ерекшеленеді. Құмай қуған аңшылықта одан бірде-бір құрбаны қашып құтыла алмайды, – деді тазы өсіруші.
Дәуірханның айтуынша, тазы – орташа ғана бойы бар жүйрік ит. Жүні тықыр, оның есесіне, құйрығы мен салпаң құлағының ұшын ұзын шашақты жүн басқан. Басқа аңшы иттерге қарағанда бұлар ақылдырақ, иесіне шын берілген, адамға жұғысқыш, ал өзге иттерге өшпенділеу келеді. Өздері өте батыл, әрі орасан жүйрік болады. Тазылар күшті болмайды, бірақ денелері сидам, арық, жеңіл, жүйрік, әрі өжет келеді. Олар қуса жетеді де, қашса құтылады.
– Тазыны әрдайым қозғалыста ұстау керек. Бос жүргені абзал. Жазғы уақытта кешкі салқынмен бір, қалған мезгілде екі рет тамақ беру керек. Мен жазда байлап қоямын, күзге дейін салқын көлеңке орында бағамын. Күз келгенде тазының қоясын түсіремін. Қоя дегеніміз тазы азықтану барысында жүн-жырқа және бөгде заттарды азықпен бірге жұтып қоюы. Ол азқазанына барып қорытылмай тұрады жасыл қоймалжыңға айналып тазы жүгірген уақытта алқымы қысылып ұзаққа жүгіре алмайды. Сол үшін қоясын түсіремін. Көбісі жылқының жал құйрығын майдалап турап сары майға араластырып тазыны екі күн ашықтырып аш қарынға беріп қоясын түсіреді. Олда дұрыс әдіс. Мен көбіне жылқы сойған кездегі қазақша айтқанда құрт қарындағы қызыл құрттарды аш қарынға бір уысын жұтқызып жіберемін солай тазы ішіндегі барлық қоясын тастайды, – дейді Дәуірхан Қанибаев.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
27 қаңтар 2024 ж. 590 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930