Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мешіт – ізгілік мекені

Мешіт – ізгілік мекені

Орталық «Жанқожа батыр» бас мешітінің салынып пайдалануға берілгеніне де 10 жыл толғанын күнделікті күйбең тіршілікпен айналысып жүріп байқамай да қалыппыз. Мешіттің іргетасы 2007 жылы Әйтеке би кентінің Жанқожа батыр көшесі бойынан қаланып, қабырғалары тұрғызылып, төбесі жабылды. Содан кейін бөлінген қаржы толық жетіспеуіне байланысты мешіт құрылысы жеті жыл тоқтады.
2013 жылы кәсіпкер азаматтардың аудан халқының көмегімен қаржы жиналып, мешіт құрылысы қарқын алып, 2014 жылдың желтоқсан айының 24-ші жұлдызында ашылу салтанаты болып халық игілігіне пайдалануға берілді. Мешіттің салынуына бастама көтеріп, оған алғашқы қомақты қаржы бөлгізіп, сауапты іске кіріскен Жанқожа бабаның төртінші ұрпағы Оңтүстік Кореяның елшісі, Сеул қаласының құрметті азаматы, профессор, қоғам қайраткері, 1964 жылы туған жерлесіміз Майдан аталығынан тарайтын ұрпақ өкілі Дархан Бердалиев есімді азамат. Жүрегі жомарт, пейілі кең Дархан бауырымыз бір естелігінде:
– Менің еткен еңбегім еленіп, бағаланып, берілген ондаған медаль, тағы басқа марапаттарым жеткілікті. Миллиондаған халқы бар Оңтүстік Корея Республикасының астанасы Сеул қаласының Құрметті азаматымын. Бірақ бәрінен маған Отаным, туған жерім ыстық, қолымнан келетін бір нәрсе болса Қызылордаға, ауылыма болсын деймін. Оның ішінде Қазалы жері, халқы мен үшін ерекше, – дейді.
Бұл шынайы көңілімен айтылған сөзінде Дархан бауырымыз тұрды. Өзінің кіндік қаны тамған Қазалы ауданының орталығынан даңқты батыр әрі әулие Жанқожа батыр көшесі бойынан бабасының атымен аталатын зәулім де сәулетті имандылық үйін салдырды. Он жыл ішінде бұл мешіттен жүздеген шәкірттер діни дәріс алды. Намаздар оқылды. Некелер қиылды. Қаншама сәбилерге азан шақырылып есімдері қойылды.
Діни де мәдени іс-шаралар өткізілді. Асханасында ас берілді. Діни қиссалар, уағыздар айтылды. Алланың кәламы Құрандар оқылды. Тұңғыш рет қарилар дайындайтын медресе салынып пайдалануға берілді. Онда келешек қаншама қари, хафиздер шығатыны да белгілі. Осы кездің өзінде қарилардың алғашқы түлектері шығып та үлгірді. Алла Тағала осы ізгі амалдардың сауабын Дархан бауырымызға нәсіп еткей демекпіз. Бұл мешіттің сырттан келген белгілі тұлғалардың, қонақтардың тағзым етіп құлшылығын жасап кететін киелі орынға айналғанының біздер куәсіміз.
Мешіттің іші де, ауласы да кең құлшылық жасайтын бөлмелері де жайлы, таза екенін халық көріп сүйсінуде. Мешіт пен медресені өз дәрежесінде ұстап тұру да оңай шаруа емес екені белгілі. Бірақ жүректеріне иман ұялаған азаматтар баршылық. Солардың, аудан халқының көмектерінің арқасында мешіт көркеюде, гүлденуде, діни қызметкерлердің сапасы жақсаруда. Он жыл ішінде Қайрат Дәуіржанұлы, Мейрамбек Жәмиев, Берік Мәдиұлы, Нұрдаулет Асқарұлы есімді білікті имамдар имамдық етті. Бақтияр Саламатов, Мұстафа Есмамбетов, Өмірбек Ниетов, Ернұр Кенжемұратұлы, Марғұлан Алтынбек, Зәуре Өтегенқызы және білікті қари Исмайл Омарұлы діни дәріс берудің шеберлік шыңына көтерілгендер.
Мешіт асханасының меңгерушісі Жасұлан Абдурахманұлы, тазалықшы Алмагүл Темірбекқызы және Алмат, Ануар, Ізбасар, Дәріжан, Серік есімді молдаларымыз да мінездері көркем, сауатты да амалдарға жетік өз қызметтеріне төселген жандар.
Мешіт ашылғаннан бері діни дәріс алуға келген алпыс тіпті жетпістен асқан кейуаналар мен қарияларымыз қазіргі кезде Алланың кәламы қасиетті Құранды н өз дәрежесінде оқиды. Облыс бойынша құран оқу жарысынан қазалылық қыз-алдыңғы орындардан көрінуі ұлағатты ұстаз Зәуре Өтегенқызының еңбегінің нәтижесі. Қаншама жастар да, ересек әйелдер мен ерлер де оқып жатыр.
Осының бәрі Алласын мойындап және қасиетті Құран-Исламның рухани көгінде жарық шашқан нұрлы шырақ екенін шынайы жүректерімен сезіне білген бауырларымыздың ізгі амалдарына жатады.
Он жыл ішінде алты жыл қатарынан мешітіміз облыс бойынша «Жылдың үздік мешіті», имамдарымыз «Жылдың үздік имамы» номинациясын иеленді. Мешіт жамағаты бірнеше рет футболдан аудандық, облыстық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иемденді. Берік Мәдиұлы имам республикалық дәрежедегі медалмен, баспасөз хатшысы Беганыш Жақсыбай ҚР ішкі істер Министрлігінің «Құрметті ардагері» және осы саланың «Құрметі грмаотасымен» марапатталды. Халықтың көмегімен жыл ішінде салынып біткен қарилар медресесі және мешіт күмбездерінің алыстан көз тартарлықтай болып қапталып безендірілуі тағы басқа да жасалынып жатқан ізгі амалдар, жетістіктер баба мешітінің он жылдығы мен батыр бабамыздың 250 жылдық мерей тойларына тарту десе де болады. Бұл үшін уақытпен санаспай табандылық танытып көпшілікті ұйымдастыра білген жас та болса бас бола білген білікті имамдарымыз Берік Мәдиұлы мен Нұрдаулет Асқарқұлы, мешіт жанашыры Сәбит Аралбаев, Болатбек Қоңырбаевтардың еңбектеріне Алла разы болғай, кәсіптеріңе береке бергей демекпіз.

Беганыш ЖАҚСЫБАЙ
20 қаңтар 2024 ж. 387 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930