Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жаңа мешіттің іргетасы қаланды

Жаңа мешіттің іргетасы қаланды

Қашан да жарқын істердің жаршысы болып жүрген Жанқожа батыр ауылында кеше жаңа мешіттің іргетасы қаланды.
Ғибадатхананың алғашқы кірпішінің қалану салтанатына Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов, жанашыр-тілекші Ақтан батыр ауылының ақсақалдары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Адамгершілікті, тазалықты, адалдықты, имандылықты талап ететін мұсылмандық шарттары асыл қасиеттерімен бағалы. Осы қасиеттерді қанымызға, жанымызға сіңіруде дін өкілдерінің еңбегі ерекше. Солардың бірі Сарқұл Аққозыұлы болатын.
Заманында мешіт ұстап, aдaмдaрды емдеген және кәріп-қaсерге қaрaсқан, сыйынсa қорғaны болғaн, қинaлғaндa қолдaйтын ұлы тұлғaның құрметіне тұрғызылып жатқан жаңа мешітінің құрылысы ауыл тұрғындарының бастамасымен қолға алынған.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Ә.Жарылқағанов игілікті бастамаға сәттілік тілеп, ел мүддесіне бағытталған осы сауапты істің басталуына үлес қосқан барша халыққа алғысын жеткізді.
Бұдан соң, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, ауыл ақсақалдары атынан Жауһар мешіттің жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде ерекше орны бар екенін тілге тиек етті.
21 тамыз 2018 ж. 1 771 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 119

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 121

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 82

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 92

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031