Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтық сана – ардың ісі

Азаматтық сана – ардың ісі

“Сыбайлас жемқорлықпен күрес қазіргі таңда дүние жүзіне ортақ болып отырған басты да, өзекті мәселелердің бірі. Президентіміз: жемқорлық біздің өміріміздегі әр түрлі салаларға еніп келеді, жемқорлық-экономикамызды түсіреді, құртады” – деп нақтылап айтқан болатын.
Қазақстан Республикасының заң­намаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін
теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық
жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, сарапшының жалған қорытындысы, жалған жауап беру жатады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың бүгінгі күнде маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет деп ойлаймын. Конституциялық
тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат
жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету,
қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту басты мақсат болып табылады. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана қарсы тұруға болады. Ел болып еңсе көтергенімізге, тәуелсіздік алып туымызды тіккенімізге, шаршы әлемге ел болып танылғанымызға 30 жылдан астам уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен,
ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп
қойды. Бұл жол – алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.
М. БЕКМАМБЕТОВ,
Басықара ауылдық округінің әкімі
23 желтоқсан 2023 ж. 168 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930