Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда әйелдер жоғары табыс табады

Германияда әйелдер жоғары табыс табады

Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
Kyzylorda-news.kz.  3 баласын Қазақстанда тастап, Германияға табыс табуға кеткен келіншек әлеуметтік желіде өз оқиғасын айтып берді. Ол отбасы қамы үшін шетелге кетіп, елде қалған балалары үшін ауыр жұмыс істеп жүргенін айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz .

"Бұл мақтаныш емес. Дәл мына жүрісім мақтаныш емес. Мен демалып, қыдырып жүргенімді көрсетіп жатқан жоқпын. Міне, қолымыз күс-күс болып, демалыс күні де тазалаймыз. Неге осындай қара жұмысты елде істесек те жағдайымыз жақсармайды? Әттеген-ай. 3 бала елде, жаным, жүрегім тыныш емес. Ұйқым тыныш емес", – деп ағынан жарылды.
Тазалықшы боп жүрген келіншектің екі дипломы бар болып шықты.
"Екі дипломым бар, жоғары білім алған қызбын. Бірақ мен 2019 жылға дейін мүгедек жандармен жұмыс істедім, көптеген қитұрқы әрекеттерге куә болдым. Ол жақта да жарымжан жандардың құқығын қорғаймын деп талай кедергіге тап болдым. "Әділдік жоқ екен ғой" деп шетел асып кеттім. Қазір балаларым кішкентай, аяққа тұрып алсам, елге барып қызметімді істеймін", – деді қазақ келіншек.
Германияда жүріп, елдегі ең төменгі жалақыдан 10 есе көп табатынын да жасырмады.
"Бұл елдің азаматы болмаған соң ешқандай құқығымыз жоқ. Сол үшін қолымыз күс-күс болып, қара жұмыс істеп жүрміз. Иә, сіздер алып жатқан 80 мың айлықтың 10-15 есе жоғары алып жатырмыз. Адал еңбегіміздің бағаланып жатқанына да шүкір. Жексенбі күні 2 сағат тазалықшы боп, 50 мың теңге табамын. Оны сіздер Қазақстанда жарты айда табасыздар, дұрыс па? Мен Қазақстанды жақсы көремін. Сіздердің де жағдайларыңыз жақсарса екен деймін", – дейді ол.
12 қаңтар 2024 ж. 409 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031