"Ақұдай пеш" жаққан әнші бауырларына қарайласқан кезін еске алды
Мәдина Сәдуақасова алғаш рет туған екі сіңлісімен шетелде демалып жатқанын айтады. Жат елде жүрсе де, әнші елде болып жатқан оқиғалардан хабардар. Соңғы күндері ел халқының төбе шашын тік тұрғызған Астанадағы 5 қыздың оқиғасы Мәдинаға да әсер етсе керек. Бір қызығы, Мәдинаның өзі де бала кезінде пешке от жағып, ата-анасы жұмыста болғанда, өзінен кейінгі іні-сіңлілеріне қарауға мәжбүр болыпты, деп жазады Stan.kz.
Өрттен бір үйдің 5 бірдей қыздан айырылып қалғанын естігенде Сәдуақасова өз өмірін еске алған.
“Әкем темір жолда помощник машиниста болып жұмыс жасайды, мамам ‘16 балабақшада тәрбиеші… Ең үлкені мен, одан кейін 80 жылғы Дина, 87 жылғы Жәния, 91 жылғы Нұрсұлтан, қанша жұмыс істесе де үй сатып алу мүмкін емес.
Мамам әкеме: “Жұмыстан үй сұра” – десе, әкем: “Ол туралы тіс жарма, ешкімнен ештеңе сұрамаймын, жұмыстан айырылып қалсақ ше?! Табамыз өзіміз”, – десе, мама 4 баласын алады да, өз төркініне кетіп қалады. Содан папам Депоның бастығына барып айтады: – “Әйелім балаларды алып, төркіне кетіп қалды”. – Не үшін? – “Көпбалалы отбасы боп, неге үй сұрамайсың” – деп… 3 айдың ішінде әкеме Шанхайдың 2 этажкаларынан 2 бөлмелі үй берді. Біз Нарыңқолдан Қызылордаға қайтып келдік) Бірақ, ол үйлерде су, жылу жоқ…
Таңнан флягпен су тасисың және квартираның ішінде қыста тоңбау үшін папам “ақұдай пеш” жасап қойған. Үйдің үлкені мен, сол пешті жағатынмын, (дәптер, құрғақ отын, көмір) салып қыздыратынмын. Папа поездкада, мама жұмыста, солар келем дегенше сол пештің үстіне шәйнек қойып, шәй қайнатып қоюың керексің. Районда свет өшіріп тастайды, үй от жаққаннан, тұрсаң ып-ыстық, сабақты керосин шаммен жатып жазатынбыз, мен ер адамның жұмысын жасасам, Дина сіңілім екі кішкентайға қарайтын…
Әкем көп айтатын бірақ “Ұйықтамаңдар, ұйқы өліммен тең” – дегенді… Шынымен де ұйықтамай екі баланы аңдитынбыз… Ыстыққа түсіп қалмасын, керосинканы пешке жақындатпасын, шәйнекті үстіне аударып алмасын деп… Әке- шешеміз келгенше бәрі дайын болып тұру керек, бірдеңе дұрыс болмай қалса, таяқ жейтінбіз мамадан) Солай өстік, жаман болмадық, армандадық, мен қиялдап әнімді айтып жүрсем, басқалары жоғары оқу бітіріп, “адам болып кетті”. Әкем айтпақшы, “өз еңбегімен тапқан, адал дүние берекелі болады деп”… Ол кездер кеңес дәуірі, көбісі солай өсті… Тағы әкемнің сөзін айтқым келеді сақтансаң сақтайды деген. Алла тағала әр отбасын, әр періштесін, әр өзінің сүйікті құлын сақтап жүрсін”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.