Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Краншы келіншек

Краншы келіншек

Ер азаматтардан кем еңбек етпейтін краншы Айгүл Алмағанбетова қашанда ұқыпты. Ол сөздің емес, істің адамы. Өзіне тапсырылған тапсырмаға тиянақты, өте жауапты. Көп қыз-келіншектің қолынан келе бермейтін қиын мамандықты таңдаса да, ұршықша үйіріп жүрген Айгүлге әріптестері риза. Кейбір нәзікжандылар үшін күрделі көрінетін кран машинасын тізгіндеген қайсар келіншек Қазалы локоматив жөндеу зауытында жұмыс істейді.
Айгүл мектептегі он жылдық білімінен кейін сол кездегі Құмжиек совхозында бір жылдық өндірістік бригадада болды. Бұдан соң, 1986 жылы Қазалы локоматив жөндеу зауытына жұмысқа орналасты. Осында жүріп, Қазалыдағы техникалық мектептен «Кран машинасын жүргізуші» мамандығын меңгерді. Тәжірибе мен білімді толыстырған краншы қыз ең алғаш жұмысқа кіріскен жылдары Лида, Ақалтын секілді апаларының ақыл-кеңесін тыңдап, көрген-білгенін көкейіне түйіп өскендігін айтады.
Отыз екі жылдан бері темірдей тәртіпті талап ететін теміржол саласында еңбек етіп келе жатқан Айгүлге жұмысы еш қиындық тудырмайды. Тепловоздың доң­ғалағы, тіркемесі және моторын дайындайтын цехта жұмыс істейтін краншы келіншек: «Таңертең жұмысқа келген сәтте кранды жан-жақты тексереміз. Ешқандай ақаусыз жұмысқа кірісеміз. Үйреніп кеткендіктен болар, маған кран айдаудың еш қиындығы жоқ. Ең бас­тысы жауапкершілік, ұқыптылық, қырағылық қажет», – дейді.
Жары Асылбекпен өмірге ұл-қыз әкеліп, олардан немере сүйіп отырған асыл әже балаларын мақтаныш тұтады.
– Жолдасым Асылбекпен бір мекемеде жұмыс істеп жүріп таныс­тым. Ол кезде құрастыру цехында слесарь болды. Одан кейін жоғары білім алып, түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Өмірге алты бала әкелген күміс алқалы анамын. Мамандық аларда екі ұлым мен үлкен қызым теміржол саласын таңдады. Алайда ұлдар қазір кәсіпкерлікке бетбұрды. Қызым мамандығы бойынша жұмыс істеуде. Екінші қызым құрылыс саласында. Егіз ұлдарым Ернұр мен Елнұр мектеп оқушысы, – дейді Айгүл.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

07 наурыз 2019 ж. 1 474 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031