Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлзира Айдарбекова: «Қазақстанда емделу мүмкін емес, сондықтан Германияға бардық»

Гүлзира Айдарбекова: «Қазақстанда емделу мүмкін емес, сондықтан Германияға бардық»

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова шетелге жиі демалатынын айтып мақтанды. Әнші ұлын емдету үшін алғашында Германияға сапар шеккен деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
"Негізі мен өте көп шықтым. Жылда шетелден Түркия мен Дубай, Таиланд секілді үш жерге баратынмын. Биыл өзі Украинадан басталды. Одан кейін Американың Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Вашингтон қалаларында болдым. Сосын Германияда үш апта жаттық. Одан кейін Дубайда бір жеті тұрақтап, Меккеге аттандық", - дейді хитменнің анасы.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, олар Германияға ұлын емдету үшін барған.
"Қайратқа Қазақстанда емделу мүмкін емес екен. Сұрастырып, Германияның емделуге қолайлы жер екенін естідім. Сосын ештеңеге қарамай, Германияға алып кеттім. Алғашқы аптасында жақсы емдеу орталығын іздедік.
Солай жүріп, үш аптаның қалай өтіп кеткенін байқамай қалдық. Жақсы жағынан өзгерістер бар. Ол жақта ешқайда шыға алмайды. Беймарал емделіп жатты. Ойы тыныш болсын деп, Жұлдызды да ала кеттік", - дейді Гүлзира Айдарбекова.
07 наурыз 2019 ж. 2 998 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930