Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сала қызметкерлері құрметтелді

Сала қызметкерлері құрметтелді

Өткен аптада аудан әкімдігінде энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекелері аталып өтті. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев мереке иелеріне шынайы лебізін жеткізіп, құрметке бөледі. Қиындығы қатар жүретін ауыртпалығы мол жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Өндірістік сала мен барлық мекеменің үзіліссіз жұмыстары, тұрғын үйлердің жылулығы мен жайлылығы, халық тұрмысының сапалылығы – осының бәрі өздеріңіздің күрделі еңбектеріңізге байланысты. Осы салада қызмет жасап жүрген Сіздер Мемлекет басшысының экономика мен өнеркәсіптік өндірісті жаңғырту бойынша алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға қомақты үлес қосып келесіздер.
Осындай ерекше күні әркім байыбына бара бермейтін, бірақ оның жемісін күнделікті пайдаланып жүрген Сіздердің адал еңбектеріңіз үшін алғаусыз алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы Мұхтар Оразбаев.
Басқосу барысында энергетика саласының мамандарына құрмет жасалып, марапат төрінен көрінді. Олар облыс әкімі мен облыс әкімінің орынбасары және аудан әкімі, сондай-ақ энергетика басқармасы басшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш қиындығы мен қуанышы қатар жүретін сала мамандарының еңбектеріне жеміс тіледі. Сәт сайын төтенше жағдайдың алдын алатын азаматтардың рухы нығая беруін тілге тиек етті.
Шарада Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары мерейтой иелеріне арнап ән шырқап, ерекше көңіл-күй сыйлады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
25 желтоқсан 2023 ж. 135 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 49

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 53

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 97

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 112

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031