Мамандар мәртебе мінберінде
22 желтоқсан – Энергетика саласы қызметкерлерінің мерекесі. Осыған орай сейсенбі күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев сала қызметкерлері мен ардагерлерін қабылдады.
Жиын барысында энергетика саласының мамандары мен еңбек сіңірген қызметкерлеріне, саланың бастау алған сәтінде тынымсыз еңбектерімен оның дамуына зор үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.
Сондай-ақ «Энергетиктер күні» мерекесіне орай Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының «Ардагер энергетик» төсбелгісімен Қоңырбек Әжімбетов, Қазақстандық энергетиктерінің салалық кәсіподағының «Құрмет» белгісімен Қазалы аудандық электр торабының инженері Серік Айтжан марапатталды.
– Мереке қарсаңында мерейіміз өсіп, мәртебеміз артты. Оның үстіне аудан әкімі құттықтап, одан әрі қуанышқа кенелдік. Бұл еңбектің еленгені. Осы салада жүрген барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтаймын, – деді Серік Айтжан.
Айта кетейік, мұнан бөлек бірқатар сала қызметкеріне мамандар марапаттауы облыс әкімі мен орынбасарының және аудан әкімінің, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының Алғыс хаты табысталды.
А.БАҚЫТҰЛЫ