Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» болып аталып өтіледі. Қазіргі таңда ауданда әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуда 100-ден астам қызметкер жұмыс жасауда.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сала қызметкерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.

– Әлеуметтік қорғау жүйесі үлкен жауапкершілік, кәсіби біліктілікпен қатар адами қасиеттерді талап ететін сала. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ыңғайлы жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет.
Мемлекет тарапынан жылдан жылға халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріп, қызмет көрсету сапасы мен көлемі артып келеді. Әрине, осы қызметтердің барлығы Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында көрініс беруде. Кәсіптеріңізге адалдықпен қарап, күрделі салада тынбай еңбек еткен еңбектеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, - деді Мұхтар Әуесұлы.


Салтанатты шарада әлеуметтік қорғау жүйесі саласының ардагері Жаппарберген Жалғасбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.
Аудан басшысы сонымен бірге, бірқатар сала қызметкерлерін «Алғыс хатпен» марапаттады. Мұнан соң аудан өнерпаздары ән-күйден шашу шашып, мереке иелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Фото: Нұрлан Қанат

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
07 қараша 2023 ж. 405 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 149

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 178

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 164

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 182

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031