Біз бақытты баламыз, шаттық әнге саламыз
Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз, шаттық әнге саламыз» атты жас оқырмандар арасында көркем сөз оқудан сайыс өткізілді. Байқауға мектеп кітапханашылары мен мұғалімдер, №249 Е.Бозғұлов атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Қирабаева Эльмира және 1 а сынып оқушылары мен ата –аналар қатысты.
Ата-аналар арасынан Зейнегүл апай мерекелік лебізін білдіріп, сайысқа қатысушы талапкерлерге сәттілік тіледі. Жас оқырмандарымыз өздерінің зеректігімен алғырлығын көрсетіп, ақын-жазушылардың шығармаларын өз нақышына келтіріп мәнерлеп оқыды.
Мерекелік шараға Ә. Әбсұлтан, А. Өтемағамбет, Е. Нұржан керемет әндерімен сусындатып, және ең кішкентай бүлдіршініміз А.Еділ мың бұрала билеп өз өнерлерін ортаға салды.
Шара соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры И.Назарова қорытындылап, аталған сайыста жүйріктер анықталып, Кеңесбай Нұрислам өзінің алғыр, өнерлі жеткіншек екенін дәлелдеп, бас жүлде иегері атанды.
І орынды Асқар Кәусар иеленсе, ІІ орынды Көбек Нұрдәулет, ІІІ орынды Жайылхан Ерқанат жеңіп алды. Қатысқан оқушылардың барлығына алғыс хат тапсырылып, сый-сияпаттар жасалды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.