Есірткісіз өмір ғажайып

Бүгінгі таңда бүкіл әлемнің алдында тұрған үлкен дерт –нашақорлық. Есірткіге тәуелділік күн сайын артпаса, кеміген емес. Бұл жұқпалы дертпен еліміз адам шошырлық статистика көрсетіп тұрғаны белгілі. Есірткіні қолданатындардың басым бөлігі мектеп жасындағы балалар екен. Ертеңіміз деп сеніп отырған ұрпақ, есірткіге еліктеп есі кетіп жүр. Бұған кім кінәлі? Қоғам ба, әлде адам ба?
Жаңа өсіп келе жатқан жас шыбықтың еліктегіш болатыны белгілі. Сол еліктеудің соңы орны толмас қателікке әкелуде. Есірткіге бір салынған адам өмір бойы бас тарта алмайды. Нашақорлық-адамзаттың қас жауы екенін ұмытпайық! Еліміздің де ертеңі жарқын болуы үшін бұл індетпен біз болып, сіз болып күрескеніміз абзал. Есірткіден аулақ болсақ ертеңгі өмір де ғажайып, армандар да асқақ болатынына сенімдімін. Мен – жас ұрпақпын! Мен-тәуелсіз Қазақстанның болашағымын! Мен есірткісіз ортаны таңдаймын!
Марфуға ҚАНАТҚЫЗЫ,
Ақтан батыр ауылы
№190 орта мектептің
9 – сынып оқушысы