Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Бүгінгі қоғамда ең өзекті мәселелердің бірі, есірткіге тәуелділік. Негізінен есірткі деген ұғымды ғылымға алып келген б.з.б 3000 мың жыл бұрын Қытай императорының елшісі Шэнь Нунь есірткіні көптеген ауруларға қолданды. Бірақ оның басты жіберген қателігі есірткіде адам ағзасына тәуелділігін тудыратын зиянды заттар бар екендігі. Ең алғаш есріткіге тәуелді болған адам – Перғауынның қызы деседі.
Қазіргі таңда есірткі айналымының барлық елдерде шектеу қойылу үстінде. Біздің еліміздеде есірткіні пайдалануға қатаң түрде тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізімінде медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі заттарының 72 атауы көрсетілген. Оларға: анаша, кокаин, галиши, героин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, «жұқпалы ауруға» айналып барады. Көрсеткіштерге сүйенсек Қазақстан Республикасында 54 мыңға жуық нашақор тізімде тұр.
Соның салдарынан мемлекетімізде есірткіге тәуелділік артып, өскелең ұрпақтың санасын улайды. Есірткінің әсерінен мемлекет ішінде көптеген қылмыстар орын алып, зорлық – зомбылық, парақорлық, жезөкшелік, суицид сынды теріс бағыттағы іс – әрекеттер орын алуы мүмкін. Менің ойымша есірткіге тәуелділікті болдырмас үшін барлық мектептерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, мемлекеттік жұмыс орындарда, отбасыда ашық түрде айтылып және есірткінің теріс салдарын түсіндірген дұрыс. Мысалы: мектебімізде үнемі нашақорлыққа қарсы сауалнамалар, сайыстар жүргізіліп отырады. Жыл сайын психолог – педагогтеріміз оқушылардан нарко сауалнамасын алады. Осы орайда өткен жылы Қызылордалық полицейлер заңсыз айналымнан 350 келіге жуық есірткі затын тапқанын айтқым келеді. Адам есірткіге тәуелді болмас үшін өз – өзіне сенуі қажет. Сол себепті адамдар денсаулығына немқұрайлы қарамай, мүмкіндігінше есірткіден аулақ болуы керек. Өмір – өмір сүру үшін беріледі. Біздің ата – бабаларымыз кең далада еркін өсті. Ақыл – ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ – шарап дегеннен аулақ болды. Ата – бабамыздың ең сүйікті сусыны дертке дауа, жанға шипа қымыз еді. Сондықтанда ел ертеңі жастардың, яғни біздің қолымызда.

Аружан ЕРҒАЛИЕВА, 
 Ы.Алтынсарин атындағы
№ 204 мектептің 10 «А» сынып оқушысы,
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
#УПНДПОКЗО

19 қаңтар 2021 ж. 3 206 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930