Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмау деміктірмесін десеңіз...

Тұмау деміктірмесін десеңіз...

Күз түсіп, күн салқындағаннан-ақ түрлі аурулар өрши түседі. Сондықтан да болар бұл маусымды мамандар адам ағзасын қатаң бақылаудан өткізетін кезең деп санайды. Себебі күз айларында адамның иммунитеті біршама төмендеп, ауруға көп шалдығады. Әсіресе бұл мезгілде суық тиюден асқынатын түрлі вирусты инфекциялар «бас көтереді».
Тұмау – жасы мен жынысына қарамастан барлық адамдарды зақымдайтын қауіпті жұқпалы ауру саналады. Дәрігерлер тұмаудың вирусын тұрақсыз өзгермелі дейді. Расында да, өзгермелігінде тұмауға тең келетін ауру жоқ. Әрбір екі-үш жыл сайын ол өзінің қасиетін өзгертіп отырады. 10-12 жыл сайын вирустың жаңа түрлері пайда болып, олар алдыңғы түрлерінен өзгеше болып келеді. Тұмау адамға ұсақ түкіріктер немесе сілекей шашырықтарымен жөтелгенде, түшкіргенде жұғады. Тұмаудың алғашқы кезеңі өте жедел басталады. Жасырын инкубация мезгілі бір-екі күнге созылып, кейін әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, бас ауруы, бұлшықеттерінің ауруы секілді белгілер байқалады. Тұмау вирусының қауіптілігі – организмдегі созылмалы жүрек, өкпе, жүйке, жүрек-тамыр жүйесіндегі ауруларды асқындыруында. Көбіне мұндай асқынулар адамдардың денсаулығына немқұрайлы қарағандығынан болады дейді дәрігер мамандар. Қазалы көп бейінді орталық ауруханасы емхана бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Ақмарал Арзиева тұмаумен өзін-өзі емдеуге жол берілмейтіндігін айтады.
– Көпшілік тұмауға жеңіл-желпі қарайды. Бірақ бұл вирус сіз ойлағандай оңай-оспақ ауру емес. Бұл қауіпті ауру. Сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды. Керісінше тұмаудан сақтанып, аурудың алдын алуға әрқашан дайын болу керек. Егер ауыра қалсаңыз, дереу дәрігерге жүгініп, соның нұсқаулығымен ем алған жөн. Үй жағдайында өзіндік ем жүргізуге болады, бірақ дәрігер ұсынған нұсқаулықпен ғана. Егер олай болмаса ауруды одан сайын өршітіп алуыңыз әбден мүмкін.
Өздеріңіз білесіздер, тұмау тез жұғатын және басқа да ауруларды қоздыратын ас жұқпалы вирус. Мұнымен ауырғанда бір адам айналасындағы 30-40 адамға вирус жұқтырады алады. Сондықтан тұмаудан сақтану үшін мейлінше адам көп жерде жүрмеген дұрыс, – дейді дәрігер эпидемиолог.
Иә, тұмау кезінде сақтық шараларын дұрыс сақтанғанда ғана айығуға мүмкіндік бар. Ал егер олай болмаса, мұның соңы тіпті өлімге дейін апаратын аурудың ауыр ағымы болуы ықтимал. Ақ халаттылардың бұл маусымда жиі дабыл қағып, ауруға қарсы эпидемиологиялық қадағалауды үздіксіз жүргізетіндігі де сондықтан. Тұмауды және оның асықынуларына қарсы санитариялық-профилактикалық жұмыстар біздің ауданда да жүзеге асып жатыр. Аудандық көп бейінді орталық аурухананың берген мәліметіне сүйенсек, вирусты эпиедемияға қарсы іс-шаралар 1-қазаннан басталып, 1-желтоқсанға дейін жалғаспақ. Келесі кезең 1 желтоқсаннан бастап 30 сәуірге дейін ұласады. Айтуларынша, осы екі маусым аралығында жұқпалы аурулар жиі көрініс табады екен. Дегенмен дәрігерлер бұл дертпен күресуді күн тәртібінен түсірген емес. Тұмаудың алдын алу мақсатында науқастарға ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізіп қоймай, халық көп шоғырланған аумақтарда нұсқаулықтар жазылған үнпарақтар мен кітапшалар таратуда.
Профилактикалық жұмыстар жүргізілді десек те, көбі тұмауды ауру деп елемейді. Соның салдарынан биыл аудандағы жедел респираторлық вирусты инфекциялардың аурушаңдық көрсеткіші 1,5 есеге өскен. Бұл вирустың көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда артты деген сөз. Өткен жылдың 9 айында аудан бойынша 182 науқас тіркелсе, ал 2023 жылдың 9 айында 410 науқас тіркелген. Осыдан-ақ, тұмаудың биыл басқаша сипат алып, күшейгендігін аңғаруға болады. Сондықтан дәрігерлер мұндай жағдайда үйде емделмей, маман кеңесіне жүгіну керегін ескертеді.
– Қазалы аудандық көп бейінді орталық ауруханасы бойынша және барлық құрылымдық бөлімшелер тұмауға қарсы вакцинамен және қажетті препараттар қорымен қамтамасыз етілген. Барлық адам тұмауға қарсы екпені алу керек. Сол кезде таралу қауіпі аз болады.
Аудан бойынша жедел респираторлы вирустық инфекцияның таралауына жеке және қоғамдық гигеналық талаптарды сақтамауынан болып отыр. Қазір жедел респираторлы вирустық инфекциямен үлкендер де, балалар да ауырады. Яғни температура көтерілсе, ең алдымен, оқшаулануыңыз керек. Бұл вирустың алдын алуға мүмкіндік береді. Басқа адамдарға жұқтырмау үшін, түшкірген кезде ауызды орамалмен жабу керек. Сондай-ақ күздің қара суығында жылы киініп, жергілікті емханада тұмауға қарсы вакцина салдырғаны жөн, – дейді дәрігер-эпидемиолог Ақмарал Қарасайқызы.
Маманның айтуына қарағанда, халық тұмаудан сақтану үшін масканы дұрыс қолдануға, көпшілік жерде әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, жеке гигиенаны ұмыт-пағаны абзал. «Сақтансаң, сау боларсың» демекші, сақтанудың еш артықтығы болмайтындығын біз де қаперіңізге салғымыз келеді. Тұмау деміктірмесін десеңіз, дертке дес бермей, аурудан алыс болуға алдын ала қам жасайық, ағайын!
Арайлым ЖҮСІПОВА
31 қазан 2023 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930