Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұмаудан сақтанайық

Тұмаудан сақтанайық

Тұмау жоғарғы тыныс жолдарының жедел вирусты жұқпалы ауруы, ал аурудың қауіптілігі аурудан кейінгі асқыну жағдайлары. Тұмаудың ең көп кездесетін асқынулары-пневмония,отит, синусит, бронхит, миокардит, миозит аурулары. Сонымен қатар тұмау ауруы 2жасқа дейінгі балалар, қарттар, созылмалы аурумен ауыратын науқастар арасында ауыр түрде өтеді. Ал екіқабат әйелдің тұмаумен ауруы өте қауіпті. Тұмау ауруының қоздырғышы әйелдің организміне еніп,түсік тастау немесе мерзімінен бұрын босануына шалдықтыруы мүмкін. Тұмауды қоздыратын вирустар тыныс жолының адамның кілегейлі қабығында өсіп, өнеді. Тұмау тиген адам ауру қоздырғышын жөтелгенде, түшкіргенде таратады. Сондай-ақ тұмаудың вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы арқылы да жұғуы мүмкін.
Ауру жұқтырғаннан кейін аурудың алғашқы белгілері тез арада пайда болады. Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды,тамаққа тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, даусы қарлығып, жөтеледі. Тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады,көзі қызарып,жасаурайды.
Тұмау ауруынан сақтанудың ең тиімді шараларының бірі – тұмау ауруына қарсы вакцина ектіру. Тұмауға қарсы егілгендер арасында ауру жеңіл өтеді, асқыну мен өлім жітім жағдайлары азаяды. Сонымен қатар тұмауға қарсы егілген адамдар арасында бронхиалды астма және жіті орташа отит ауруы да 3 есеге дейін сирек байқалады.
Тұмауға қарсы жергілікті емханаларда жиі ауыратын балаларға, созылмалы өкпе, жүрек қан тамырлары ауруымен ауыратын науқастарға, иммунитеті төмен, әлсіз жиі ауыратындарға, жүкті әйелдерге егу тегін жүргізіледі. Тұмау ауруына қарсы вакцина салынған сәттен бастап 7-21 күн аралығында иммунитет қалыптасып, аурудың алдын алуға көмектеседі.
Сонымен қатар науқас және оны қоршаған адамдар тұмаудың жұғу жолдарының ең қарапайым алдын алу шараларын білуі тиіс. Науқасқа күтім жүргізгенде масқа тағу, қолды жиі жуу, бөлек сүлгі пайдалауды қадағалаған жөн.
Науқас жатқан бөлмені желдетіп, ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу маңызды. Өздеріңізге жақын адамдарға қауіп тудырмаңыз.Ауырып тұрсаңыздар балалары, екіқабат әйелдері, қарт кісілері бар үйлерге, көпшілік жиналатын орындарға бармауға тырысыңыз.
Әрбір болашақ ана тұмаудан сақтану шараларын мұқият орындауы тиіс,атап айтқанда тұмауға қарсы вакцинация жасатып, түсік тастау мен мерзімінен бұрын босанып қалудың алдын алғаны жөн.
Сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде мектепке дейінгі балалар ұйымдарына, мектептерге, мектеп интернаттарына тұмаумен ауырған балалар мен қызметкерлері арасында бақылауды күшейтіп, оқшаулауы және балабақшаларда таңертеңгілік балалардың мұрын – жұтқыншақ аймағын қарап, дене қызуын өлшеу, ауырған балалар мен ересектерді дереу оқшаулауды қамтамасыз ету, ойын-сауық және көпшілік іс шараларды шектеу, сынып бөлмелерін әр сабақтан кейін желдету және күнделікті ылғалды тазалық жұмыстарының сапасын және жиілігін арттыруы қадағалануы тиіс.
Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып, дереу дәрігер шақыртыңыз.
Саракүл ШҮКІРАЛИЕВА,
Қазалы аудандық санитариялық
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы
02 қыркүйек 2022 ж. 1 039 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031