Салық декларациясын тапсырмаған мемлекеттік қызметкерлерге қандай шара қолданылады?
Алматыда 30 мыңнан астам мемлекеттік қызметші мен олардың отбасы мүшелері салық декларацияларын тапсырды, - деп хабарлайды tengrinews.kz
Салықтарды жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары өткізуге тиіс.
Алматы бойынша 152 484 жеке тұлға жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі шеңберінде декларация тапсыруға міндетті. Декларацияны тапсыру мерзімі бірнеше күннен кейін - 15 қыркүйекте аяқталса да, 30 мыңнан астам адам міндеттемесін орындамаған. Декларация өткізбеген адамдардың жалпы санының 61 пайызы немесе 18 440 адам білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне, қалғаны квазимемлекеттік сектор қызметкерлері.
Декларацияны мерзімінде өткізбегені үшін ҚР ӘҚБтК әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Декларацияны "салық төлеушінің кабинеті" арқылы электронды түрде (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы өткізуге болады.