Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАБЫСЫН ЖАСЫРҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

ТАБЫСЫН ЖАСЫРҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Қазір елде жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңі өтіп жатыр.
1 млн 700 мыңға жуық адам декларация тапсыру қажет. Бүгінге дейін 65 пайызы табысын көрсеткен. Қаңтардан бастап мемлекеттік мекемелер мен квази-мемлекеттік сектор қызметкерлері, жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша есеп беріп жатыр. Декларациялау 2021 жылы енгізілді. Азаматтар жылдық табысын, барлық кірістерін ашық көрсетуге міндетті. Келер жылы жеке кәсіпкерлер 2025 жылы өзге санаттағы азаматтар, декларация тапсыратын болады. Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары: - Егер азамат қандай да бір себептермен декларация тапсыру барысында бір мүлкін көрсетуді ұмытып кетсе, ол үш жыл ішінде аталған декларацияға қосымша декларация тапсыра алады. Бұл салық кодексінде көрсетілген. Егер азамат қандай да бір себептермен декларацияны тапсырмаса, бірінші рет заң бұзушылыққа орын берген жағдайда ескерту жасалады. Одан кейін қайталаса онда 15 АЕК айыппұл салынады.
18 сәуір 2023 ж. 204 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 37

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 86

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 93

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 62

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 97

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031