Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қазаннан бастап ХҚКО қандас мәртебесін алуға өтініш қабылдамайды

1 қазаннан бастап ХҚКО қандас мәртебесін алуға өтініш қабылдамайды

ХҚКО қандас мәртебесін беру туралы шешімді төрт жұмыс күні ішінде шығарса, енді оны қарастыру мерзімі 35 күнді құрайды.
1 қазаннан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары қандас мәртебесін беру бойынша өтініштерді қабылдамайды. Бұл туралы "Отандастар қоры" хабарлады.
Ендігі кезекте этникалық қазақтар қандас мәртебесін "Құтты мекен" ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасы немесе Қазақстанның шет елдердегі мекемелері арқылы алады. Ол үшін келесі құжаттар қажет:
  • өтініш;
  • еркін нысандағы өмірбаян;
  • өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және нотариалды куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы;
  • жеке басын куәландыратын құжаттарда ұлты жазылмаған жағдайда, өтініш берушінің ұлтын растайтын басқа да құжаттар болуы керек. 
Өтінішті жергілікті әкімдіктер жанындағы арнайы құрылған комиссия қарастырады. Комиссия келесі шарттарды ескере отырып қандас мәртебесін беру немесе бас тарту туралы ұсыным шығарады:
  1. ҚР үкіметімен белгіленген өңірлерге қоныстандыру үшін;
  2. Демографиялық дамуға қажеттілігі бар ауылдық елді мекендерге, аудандық және облыстық қалаларға қоныстандыру үшін;
  3. Өтініш берушінің Қазақстандағы отбасымен немесе жақын туыстарымен қауышуы үшін;
  4. Жұмыс берушілердің шақыруы бойынша.
Қандас мәртебесін 35 жұмыс күні ішінде қарастырады. Қандас мәртебесінің мерзімін ұзарту үшін ХҚКО немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш беру керек.
Қосымша сұрақтар болса "Отандастар қорының" қандастарды ақпараттық қолдау орталығының байланыс нөмірлеріне тегін хабарласуға болады:
1404 – барлық қазақстандық ұялы операторлар үшін тегін;
+7 701 000 14 04 – WhatsApp, Telegram мессенджерлері арқылы онлайн;
8 7172 9814 04 – халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгіленген ақылы тарифпен.
06 қыркүйек 2023 ж. 359 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 146

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 130

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30