Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 6 935 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 77,3 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (76,3%) Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 6,2% – Түрікменстаннан, 2,7% – Моңғолиядан және 4,4% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (30,5%), Түркістан (15%), Маңғыстау (17,7%) және Жамбыл (8%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (11%) қаласына қоныстанды.

Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,5%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24%-ды және зейнеткерлер 19,5%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 11,3% жоғары білімді, 39,5% орта кәсіби білімді, 45,5% жалпы орта білімді және 3,7% білімі жоқ.

04 маусым 2021 ж. 885 0

1 сәуірге валюта бағамы

01 сәуір 2026 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930