Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандас статусын енді онлайн алуға және жаңартуға болады

Қандас статусын енді онлайн алуға және жаңартуға болады

Қандастардың мәртебесін беру немесе ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет енді eGov.kz порталында қолжетімді. Пайдаланушыларға қойылатын міндетті талаптар – ЖСН мен электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызметті алу үшін өтініш беруші барлық қажет жолды толтырып, сұралған құжаттарды жіберуі керек. Тіркелген файлдар pdf немесе jpg пішімінде болуға тиіс.

Өтінішті жіберген кезде қолданушы қандас мәртебесін тағайындауды немесе ұзартуды қажет ететін отбасы мүшелері туралы ақпаратты толтыра алады. Қосылатын отбасы мүшелерінің саны шектеусіз. Содан кейін қол жетімді жолдардың бірімен сұрауға қол қою керек.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Ведомствоның мәліметінше, ұсынылған деректер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы тексеріледі. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – төрт жұмыс күні.

Нәтижесінде өтініш беруші қандас сертификатын алады немесе жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін ұзарту туралы шешім қабылдайды. Өтініште жалған құжаттар мен мәліметтер ұсынылған жағдайда пайдаланушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Басқармада атап өткендей, нәтиже пайдаланушының «жеке кабинетіне» электронды құжат түрінде жіберіледі.

Бұған дейін бұл қызмет еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарында көрсетілді.
13 мамыр 2022 ж. 531 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031