Еңбекмин қандас мәртебесін берудің жаңа ережелерін әзірледі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандас мәртебесін беру және ұзарту ережелерін әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.
Этникалық қазақ мемлекеттік немесе ресми тілге аударылған құжаттардың бекітілген тізбесіне сәйкес "Құтты мекен" ақпараттық жүйесі жанындағы мобильді қосымша арқылы қандас мәртебесін беруге өтініш береді. "Құтты мекен" ақпараттық жүйесі – электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүйесінің кіші жүйесі, көшіп-қонушылардың есебі мен қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер көрсетудің мониторингін қамтамасыз етеді.
Құжатқа сәйкес, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін "Құтты мекен" АЖ жанындағы мобильдік қосымшасы арқылы өтініш беруге мүмкіндік болмаса, мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдауды ҚР шет елдердегі мекемесінің қызметкері жүргізеді.
"Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын тиісті өңірлердің ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылық жасағаны туралы және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпарат тексеру үшін жібереді.
Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ҚСжАЕКБ аумақтық бөлімшелері этникалық қазақтардың өтініші мен құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде қандас мәртебесін беруге және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына этникалық қазақтарға енгізуге кедергі келтіретін негіздердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді", - делінген құжатта.
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш берушімен әлеуметтік келісімшарттың және (немесе) бейімдеу бағдарламаларының талаптарын бейне, телефон және өзге де коммуникациялық байланыс арқылы келіседі.
"Қандас мәртебесін беру туралы оң шешім қабылданған кезде қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын өңірлерде қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия бір мезгілде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім шығарады. Қандас мәртебесін беру мүмкіндігі болмаған кезде қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия өтініш берушіге (бейне, телефон және өзге де коммуникациялық байланыс арқылы, оның ішінде көші-қон саласындағы уәкілетті органның қатысуымен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы) басқа өңірлерге, оның ішінде көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған қоныс аударуды ұсынады", - делінген құжатта.
Қандастарды қабылдау жөніндегі Комиссия этникалық қазақтардың ұсынылған өтініштері мен құжаттарына сәйкес:
Қазақстан Республикасының аумағында этникалық отбасы мүшелерінің немесе жақын туыстарының отбасыларымен қауыштыру;
тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу;
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар жәрдем көрсете отырып, Қазақстан Республикасының өңірлеріне қоныстандыру мақсатында көшіру бойынша шешім қабылдайды:
қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған өңірлерге алғашқы бейімделу және ықпалдасу үшін мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігімен;
агломерация және ауылдық елді мекендердің, шағын және моноқалалардың, даму әлеуеті бар аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың аумақтарында бейімдеу бағдарламаларының мерзімдеріне олардың келісімі бойынша демографиялық дамуды мемлекеттік қолдауға қажеттілігі бар.