Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығындары өтеледі

Туризм саласындағы кәсіпкерлердің шығындары өтеледі

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары аясында шығындарды ішінара өтеуге бағытталған жалпы сомасы 480 млн теңгені құрайтын 29 өтінімді мақұлдады, деп хабарлайды baq.kz.
Қаражат туристік объектілер мен жол бойындағы сервис объектілерін салуға және реконструкциялауға, туристік автобустар мен тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтарды сатып алуға жұмсалады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басынан бастап Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 жаңа шарасы қолданысқа енген, олардың ішінде – белгілі бір шығындарды ішінара өтеу де бар.
Мәселен, туробъектілерді салу және реконструкциялау үшін кәсіпкерлік субъектісіне шығындарының 10%-ы өтеледі. Дәл сондай қолдау кәсіпкерге жол бойындағы сервис объектілерін (қонақүйлер, жанармай құю бекеттері, сауда және тамақтану пункттері және т.б.) салу үшін көрсетіледі. 8 және одан да көп орындық автобустарды сатып алғаны үшін 25% көлемінде өтемақы көзделген. Тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықты сатып алу шығындары тең көлемде өтеледі. Сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау субсидияланады (айына 83 000 теңге).
Жалпы, осы мемлекеттік қолдау шаралары мен қол жеткізген оң жетістіктерге бизнестің қызығушылығының артқаны байқалады. Бұл ретте, біз кәсіпкерлердің пікірлерін ескере отырып, осы бағдарламаны іске асыру тетіктерін жетілдіруге арналған жұмыстарды жалғастырамыз, – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
25 тамыз 2023 ж. 369 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 87

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 91

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 57

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 106

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 151

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930