Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жеке инвестиция есебінен 7 визит-орталық ашылған

Елімізде жеке инвестиция есебінен 7 визит-орталық ашылған

Олар ұлттық парктер мен табиғи орындарда ашылған
Соңғы 2 жылда жеке инвесторлардың қаражатын тарту есебінен Қазақстанның ұлттық парктері мен басқа да табиғи орындарында 7 визит-орталық салынып, қолданысқа берілді. Бұл Аюсай, Түргенсай, Сартас, Шарын, Горельник, Медеу және Altynemel визит-орталықтары, деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.
«Ертісай визит-орталығы ­­­­- осындай алғашқы нысан. Халық арасында ұлттық саябақтарда келушілерге арналған орталықтар салудың экологиялық тиімділігіне алаңдаушылық білдіретіндер бар. Бірақ мұндай нысандар ағаш конструкциялардан жиналған модульдерден тұратын шағын құрылыс саналады. Негізі бетон қолданылмай, металл байламасы бар геобұрандалардан жасалады»,-деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Жақын арада Түрген және Бутаковка шатқалдарында да визит-орталық пайда болады.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 тетігі бар. Атап айтқанда: әрбір шетелдік турист үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау, балалар үшін Қазақстан бойынша авиабилеттердің құнын субсидиялау, кәсіпкерлерге тау-шаңғы курорттарының жабдықтарын, көлік құралдарын сатып алу (25%), жол бойындағы сервис нысандарын салу, туристік нысандарды салу және реконструкциялау (10%) шығындардың бір бөлігін өтеу, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған субсидиялар жатады (айына 83 300 теңге).
01 тамыз 2023 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031