Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көркейген кәсіпкерлік, өрлеген өнеркәсіп

Көркейген кәсіпкерлік, өрлеген өнеркәсіп


Қазалы ауданында кәсіпкерлік саласы күннен күнге ұлғайып, дамып келеді. Соңғы уақыттары тұрғындар жеке іс ашып, өз кәсібін өрлетуге жан-жақты күш салуда. Сөзімізге тұздық болу үшін статистикалық мәліметтерге мән берсек, осы жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 1461 бірлікке көбейді, яғни бұл күні 6 760 бірлікті құрап тұр деген сөз. Ашып айтқанда, оның ішінде - 292 заңды тұлға, 4843 жеке кәсіпкер, 1625 шаруа қожалығы болып табылады. Жұмыс жасап тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6522 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 128,8 процентті құрады. Белсенділік көрсеткіші 96,5 процентке жетті. Бұл аудан қазынасы үшін қуантарлық жайт.
Жыл басынан жаңадан 2021 кәсіпкер тіркеліп, жабылған кәсіпкерлердің саны 1382 бірлікті құрап, жыл басынан бері шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 639 бірлікке артты.
Биыл аудан бюджетінің бүйірі біршама толықты. Қазалылық табыскер жандардың еңбекқорлығының арқасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 20 782 миллион теңге құраса, жұмыспен қамтылғандар саны – 10 123 бірлік болды.

Саудагерлер сауданы қыздыруда
Алып-сатудың шеберлері аудан нарығындағы бөлшек сауда көлемін 5 миллард 379,6 миллион теңгеге жеткізді. Өнеркәсіп өнімі – 11 миллиард 116 миллион теңге болды. Өңдеу өнеркәсібінде де өрлеу бар, онда 9 миллиард 929 миллион теңгенің өнімі өндірілді.
Іскер жандар мемлекет тарапынан ұдайы қолдаудан да кенде емес. Әркез оларға қаржылай демеу беріледі. Атап айтқанда, аудан кәсіпкерлеріне сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан 247 жобаға жалпы көлемі 2 миллард 261 миллион теңге болатын несие және грант қаражаты берілген.
Нақтыласақ, екінші деңгейлі банк арқылы бағдарламадан тыс – 66, бағдарлама арқылы – 57 жобаға қажетті қаржы берілді. ӨИО арқылы – 31, КС «Сырдария 1» – 5, КС «Қазалы-Несие» – 3, КС «Ауыл» – 9, АНК – 17, гранттық қаржыландыру – 59 жобаға қомақты ақша бөлді.
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021–2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасының негізінде қаржылық қолдау шаралары жалғасып келеді. Онда «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданымыздағы 57 жобаға құны 1282,8 миллион теңге несие қаражаты берілген. «Іскер», «Агробизнес», «Кең дала», «Микробизнес Қызылорда», Жастарды шағын несиелеу бағдарламасы аясында ауданымызда 65 жоба қаржыландырылды.
Атап айтқанда, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы «Іскер» бағдарламасымен – 26, «Микробизнес Қызылорда» жобасы бойынша құны – 5 КС «Қазалы-Несие» арқылы «Кең дала» бағдарламасымен егін шаруашылығының – 3 жобасы бойынша қаржы бөлінді. Сонымен қатар «Сырдария-1» Кредиттік Серіктестігі «Агробизнес» бағдарламасымен мал шаруашылығына – 5, «Ауыл» Кредиттік Серіктестігі арқылы «Агробизнес», «Іскер» бағдарламасымен – 9 жоба бойынша мал шаруашылығы қолға алынбақ. Ал Аграрлық Несие Корпорациясы «Іскер» – 12 жоба және жастарға арналған 2,5 проценттік несие бойынша – 5 жоба жүзеге асырылмақ. Гранттық қаржыландыру бойынша 59 үміткерге қаражат берілді. Мемлекеттік бағдарламадан тыс, яғни екінші деңгейлі банктердің өз бағдарламалары бойынша 66 кәсіпкер несие қаражатына қол жеткізген.

Кәсіпкерлік көкжиегі көркейген
Биыл 21 адамды жұмыспен қамтитын 8 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді. Қазалы ауданында қомақты қаржыны құрайтын жобалар Өндірістік аймақта орналасқан. Жер көлемі 6,9 гектар. 2023 жылдың 6 айында аймақта 23,4 миллион теңгенің өнімі өндірілсе, 13,5 миллион теңгеге қызмет көрсетілген. Осы аймақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар электр, су, автомобиль жолы жүргізілген.
Бүгінде аталған аймақта аса қажет инфрақұрылым түрі – табиғи газ желісі. Осы мәселе бойынша 2021 жылы аудандық бюджеттен 1,7 млн теңге қаржы бөлініп, газ желісі құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданып, инфрақұрылымды жеткізу қағидасына сәйкес өңірлік үйлестіру кеңесінің хаттамасы берілмегендіктен кері қайтарылған.
– Бұл аймақтағы жоба бастамашыларының жобаларының жүзеге асырылуы 2015 жылдан басталған. Осыған байланысты, қағидаға сәйкес инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен қоса жүгінетін құжаттар мен оған жұмсалатын қаражаттар көлемі кәсіпкерлер үшін мүмкін болмады.
Дегенмен, осы аймақтағы бірнеше жоба бастамашылары бірлесіп, өз қаражаттары есебінен газ желісін жүргізуге тиісті мекемемен жұмыстар жүргізіп жатыр. Статистикалық мәліметке сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша орналастыру орындарындағы қызмет көрсеткен келушілер саны – 1 766 адамға жеткен. Келушiлерді орналастырумен шұғылданатын орналастыру орындарының қонақ үй саны – 10 бірлік. Ауданда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойынан кәсіпкерлік қызмет көрсетуге белгіленген 5 учаскеде 5 нысан – «Арзан Сити 1», «Арзан Сити 2», «Мирас», кешендері, «Sinooil», «TS Қызылорда мұнай өнімдері» жанар-жағар май бекеттері пайдалануға берілген. Барлық нысандар заманауи форматта, Ұлттық стандартқа сәйкес жұмыс жасауда. Қазалы ауданында орналастыру орындарын «E-qonaq» ақпараттық жүйесіне енгізуге қатысты тиісті жұмыстар жүргізілді. Ауданымызда статистикалық базасында тіркелген орналастыру орындарының саны-8, Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақов.
. Оның мәлімдеуінше, «E-qonaq» ақпараттық жүйесі туралы жұмыс жасап тұрған орналастыру орындары мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойындағы нысандарға арнайы хат жолданып, нәтижесінде ақпараттық жүйеге 4 қонақ үй, 1 қонақ жайлы үйі және 2 кемпинг нысандары енгізілді.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысына сәйкес, шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін 2023 жылға бекітуге қатысты тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілді.
Нәтижесінде, 2023 жылдың 20 сәуірінде қабылданған Қазалы аудандық мәслихатының кезекті II сессиясында «Қазалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 28 сәуірдегі №20 шешімі шығарылды. Туризм саласын ілгерілету мақсатында жаңа мемлекеттік қолдауда туризм саласын ілгерілету мақсатында жаңа мемлекеттік қолдау шаралары қолданысқа енгізілген болатын.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау, жол бойындағы сервис объектілерін (ЖБСО) салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу.
Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауға «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойында орналасқан «Мирас» кешенінің меңгерушісі К.Кенесбаева 2022 жылы өтінімін тапсырып, 2023 жылға ай сайын субсидия алуға қолдау тапты.

Іскер жандарды қолдау басты назарда
Қазалы ауданы бойынша «Кәсіпкерлікті қолдау» бағытында биыл аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға 3 бизнес форум Қазалы ауданының кәсіпкер әйелдер, жас кәсіпкерлер, туризм күніне арналған форумдар өткізу жоспарлануда. Дей тұрғанмен наурыз айында кәсіпкер әйелдер үшін өздерінің мәселелерін қозғап, жетістіктерімен бөлісетін, тәжірибе алмасатын еркін сөйлесу алаңын құруға мүмкіндік алу бағытында ауқымды шара ұйымдастырылса, маусым айында кәсіпкерлікті дамыту бойынша жастарымызға бағыт бағдар беріп, олардың кәсіпкерлікке деген ынтасын және бизнеспен айналысушы жастар қатарын арттыру мақсатында Жас кәсіпкерлер бизнес форумы өткізілгендігін жеткізді ауданның бас кәсіпкері Ақтілеу Талайлыұлы.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
25 шілде 2023 ж. 307 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930