Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әдеби кеш өткізілді

Әдеби кеш өткізілді

Сарыбұлақ ауылдық кітапханасында публицистика, поэзия, проза жанрларын әдемі тоғыстырған қазақ әдебиетінің жаңашыл дара жазушысы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына байланысты «Әділеттің ақ сөзін ту ғып берік ұстаған» атты әдеби кеш өткізілді.
Ұлтының бағына біткен жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы №78 мектептің әдебиет пәні мұғалімі А.Әбілдаева таныстырып өтті. Жазушының өз ортасының шындығын, туып-өскен жерінің тамаша суретін, қарапайым халқының тұрмыс-тіршілігін керемет бейнелеп жазған шығармаларын оқырмандар «Жыр мұхитының жиһанкері» атты кітап көрмесі арқылы танысты. «Апамның астауы» атты әңгімесінен кітапхана оқырмандары Е.Шертай, М.Нәби монолог оқыса, «Қайдасың, қасқа құлыным?» поэмасынан Б.Жүсіп, Б.Кәдірмахан, Б.Мәжібай үзінді оқыды. Слайд арқылы жазушы туралы естеліктер, отбасы, жастық шағы туралы бейне-сыр көрсетілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.
21 ақпан 2018 ж. 3 054 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031