Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құттықтау

Құттықтау

Қадірлі жерлестер! Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймын!
Домбыра – қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым.
Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты мереке. Өйткені, шанағынан шамырқанған күй төгер көне домбыра күмбірлегенде елең етпейтін адам жоқ.
Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған.
Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпаздарға алғыс айтамын.
Жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу да асу кезеңінен сыр шерткен күй-толғау, сыңғырлы сұлу ән-әуен құлағымыздан кетпесін! Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін!
Домбыра мерекесі құтты болсын! Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!

Құрметпен,
Қазалы ауданының әкімі М.Оразбаев
01 шілде 2023 ж. 1 250 0

Өнер мен өнеге ұштасқан

25 сәуір 2026 ж. 125

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930