Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапсырмалар тиянақты орындалуы тиіс

Тапсырмалар тиянақты орындалуы тиіс

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өтті. Әкімдік мәжілісі басталмас бұрын аудан әкімі Мұхтар Оразбаев кадрлық өзгерістерге тоқталды.
– Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы конкурстық комиссиясының қорытындысы негізінде Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Тілеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы – Қазалы ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, – деген аудан басшысы Дәурен Оңғарбайұлының қызметіне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Мұхтар Әуесұлы аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаевқа аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сатып алу бөлімдерінің жұмысына жетекшілік жасау жүктелетінін жеткізді.
Мұнан соң жоспарлы әкімдік мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаев хабарлама жасады.
Бөлім басшысы аудан аумағындағы сәулет-қала құрылысын қадағалау жұмыстарының барысы, құрылыстық регламент талаптарының сақталуы, қызыл сызықты бұзу, рұқсатсыз құрылыстар салу сияқты заң бұзушылықтар фактілерін анықтау үшін жүргізілген рейд жұмыстары туралы айтып берді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы, аудандық жер қатынастары бөлімі басшылары мен Әйтеке би кенті және Қазалы қаласының әкімдеріне күн тәртібіндегі мәселеге байланысты сұрақтарын қойып, жүйелі жұмыстар жүргізуге тапсырма берді.
Әкімдік мәжілісі мұнан әрі аппарат мәжілісіне ұласып, күн тәртібіне сәйкес бірқатар мәселелер талқыланды. Оның алғашқысы 2021 жылғы Ұлттық халық санағын өткізу барысына арналып, ол туралы аудандық статистика басқармасының басшысы Бақытжан Әлімбаев хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Аудан бюджетінің 9 айға атқарылу болжамы туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы Әліби Әбиев, үшінші мәселе – «2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев күн тәртібінде қаралған мәселелердің барлығы да маңызды екенін жеткізіп, берілген тапсырмаларға бей-жай қарамауға шақырды. Әсіресе, білім беретін нысандар қысқы жылу маусымына 100 пайыз дайын болу керектігін аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешовке тапсырды. Сондай-ақ, білім бөлімінің басшысына балабақша қызметкерлерінің жалақыларын оңтайлы шешу қажеттігін айтты.
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жоспарланған жұмыстардың дер кезінде орындалуы қажеттігін еске салып, тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
27 қыркүйек 2021 ж. 444 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930