Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сөздік қорыңызға қосымша неологизмдер

Сөздік қорыңызға қосымша неологизмдер

Жастардың арасында барлығы трендте болуы тиіс сияқты. Киетін киім, көретін кино, ішетін ас, тіпті баратын мейрамхана да сәнді болса екен дейміз. Ал жаңа ортаға байланысты жаңа сөздік қор қалыптастыру керек. Осындай орталарда қысылмай, емін-еркін әңгімелесу үшін мына сөздерді жаттап алғаныңыз жөн.
Лайфстайл (ағ. «life style») – өмір салты.
Live (ағ. «тікелей») – тікелей; тікелей эфирде.
Инфографика — бір блокта біріктірілген кескіндер, мәтіндер, сандық мәндер. Кейде бұл ақпаратты оңайырақ қабылдауға көмектеседі.
Трейлер (ағ. «trailer») – фильмнің ең қызықты сәттерінен тұратын қысқа бейнеролик; ол фильмді жариялау не алдын ала жарнамалау үшін қолданылады.
Байопик (ағ. «biographical» және «picture» – «биографиялық» және «кескін») – биографиялық фильмдер. Байопиктің басқа фильмдерден ерекшелігі – оның деректі және көркем фильмдерді ұштастыруында.
Фотосет (ағ. «photo set») — фотосессияда түсірілген фотосуреттер сериясы.
Фэйк (ағ. «fake» — «жалған») – жалған аккаунт; жалған көшірме.
Тренд (ағ. «trend») – белгілі бір саладағы үрдіс, ағым, тенденция.
Аккаунт (ағ. «account» – «есептік жазба») – пайдаланушы сайтқа тіркелу үшін толтыратын интернет-«төлқұжат».
Аутсорсинг — (ағ. «outsourcing» – сыртқы көздерді және/не ресурстарды қолдану) — ұйымның келісім-шарт негізінде белгілі бір өндірістік қызмет функцияларын тиісті саладағы басқа компанияға жүктеуі.
Дедлайн (ағ. «deadline») – тапсырма орындалып бітуі қажет соңғы мерзім (күн не сағат).
Слоган (ағ. «slogan») – жарнама ақпараты қысқа-нұсқа етіп берілген жарнамалық ұран (девиз).
Стартап (ағ. «start-up» – «іске қосу»), стартап-компания – әлі нарыққа шығып үлгермеген немесе енді ғана шыққан (сондай-ақ шектеулі ресурстарды пайдаланатын) инновациялар саласында бизнес жүргізетін жаңадан ашылған компания.
Фрилансер (ағ. «freelancer») – бір уақытта әр түрлі клиенттердің тапсырысын орындай алатын тәуелсіз қызметкер, жеке маман.
30 мамыр 2018 ж. 1 159 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031