Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы аспанында ән қалықтады

Қазалы аспанында ән қалықтады

Жуырда Қазалы қалалық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен қазақ өнерінің өрісін кеңейтіп, ұлттық ән дәстүрін дәріптеуді мақсат еткен тағылымды шара өтті. Белгілі әнші, өнер қайраткері, жерлесіміз Мәдина Әйімбетованың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазалы дауысы» атты аудандық дәстүрлі вокалды топтар байқауы өнерсүйер қауымның басын қосты.
Өнер додасына ауданның әр түкпірінен келген 14 вокалдық дуэт, трио, квартет қатысып, өзара бақ сынады. Шығармашыл, дарынды жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету мақсатында өткен байқау жас таланттардың жұлдызын жарқыратты. Сахна төрінде ұлттық әннің әуезі қалықтап, көрермен керемет кештің куәсі болды.
Байқаудың ашылу салтанатында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Райса Тасыбаева сөз сөйлеп, қатысушыларға ізгі тілегін білдірді.
– «Қазалы дауысы» байқауы, қателеспесем, 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұрпақ сабақтастығын жалғап, жас таланттардың шығармашылығына серпін берген бұл байқау аудан өнеріндегі жарқын жобалардың біріне айналып үлгергені рас. Осы уақыт аралығында бұл байқау талай өнерпаздың қанатын қатайтып, үлкен сахнаға жол ашты. Бүгінгі байқауда да шын таланттардың жұлдызы жанады деп сенемін. «Ән айтсаң, жаныңды жеп айт» демекші, қатысушыларға ән айдынында еркін қалықтап, бар шеберліктерін көрсетуіне тілектеспін», – деді Райса Батырханқызы.
Бүгінгі байқау да нағыз шын таланттардың жұлдызы жанатын сәт болады деп сенемін. «Ән айтсаң, жаныңды жеп айт» дегендей, өнерпаздар ән айдынында еркін қалықтап, бар шеберлігін, жүрек түкпіріндегі сырын көрерменге шынайы жеткізсін дегім келеді, – деді Райса Батырханқызы.
Байқау екі кезең бойынша өтті. Алғашқы кезеңде вокалды топтар халық әндерін орындап, ұлттық нақыш пен дәстүрлі орындау шеберлігін көрсетті. Ал екінші кезеңде қатысушылар өз таңдаулары бойынша ән шырқап, шығармашылық еркіндік пен сахналық мәдениетін танытты.
Өнер додасына ҚР Мәдениет саласының үздігі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Арман Әуез, мәдениет саласының ардагері, «Сая» вокалды-аспапты Ильясовтар жанұялық ансамблінің жетекшісі, «Еңбек даңқы», «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгілерінің иегері Қайрат Ільясов, Қорқыт Ата атындағы балалар өнер мектебінің вокал сыныбының мұғалімі Сәкен Кермеш қазылар алқасының құрамында болып, әділ бағасын берді.
Екі кезең бойынша өнер көрсеткен 14 вокалды топтың арасынан қазылар алқасының шешімімен байқаудың бас жүлдесін Р. Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының атынан қатысқан «Самға» тобы жеңіп алды. Бірінші орын кәукейлік «Қаракесек келіндері» тобына бұйырды. Екінші орынды кенттік «Unison» тобы мен қазалылық «Қазалы» триосы еншіледі. Үздік үштіктер қатарынан Ғани ауылынан «Жалын» дуэті мен Бекарыстан би ауылынан «Бекарыстан би» триосы көрінді. Ал көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген Әйтеке би кентінің «Саз» тобы «Көрермен көзайымы» аталымына ие болды.
Сонымен қатар №266 мектеп-лицейдің «Жас-Star» тобы, Жанқожа батыр ауылының «Жанқожа» дуэті, Жанкент ауылының «Жанкент» тобы, №249 мектеп-лицейдің «Қос қарлығаш» тобы, Бозкөл ауылының «Бозкөл» дуэті, Ү.Түктібаев ауылының «Бақ-Дәулет» тобы, Бірлік ауылының «Ай-керім» тобы арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Осылайша, жерлесіміз Мәдина Әйімбетованың 85 жылдығына орай өткен тағылымды ән байқауы «Қазалы дауысын» тағы бір мәрте асқақтатып, өнерге құштар жандардың талабын түлетті. Ұлттық әннің қадірін арттырып, талантты буынға жол ашқан мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, Қазалының мәдени өмірін байыта беретіні сөзсіз.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
07 ақпан 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728