Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағы: Отбасы банк ипотека жабуға қатысты жаңа шектеу қойды

Зейнетақы жинағы: Отбасы банк ипотека жабуға қатысты жаңа шектеу қойды

Фото: pexels.com
Қазақстанда баспана алу мақсатында зейнетақы жинағын пайдалану белсенділігі күрт төмендеді. Биыл қаңтарда небәрі 38,6 мың өтінім мақұлданған, бұл – соңғы бір жарым жылдағы ең төменгі көрсеткіш, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда 33%-ға, ал жеткіліктілік шегі өсер алдында дүрбелең туған желтоқсан айымен салыстырғанда 90%-ға аз.
Осының салдарынан артық жинағы бар салымшылар саны да азайды. Егер желтоқсанда олардың саны 885,8 мың адам болса, қаңтарда 849,5 мыңға дейін кеміген. Ақшалай алғанда, қаңтарда қазақстандықтар 50,9 млрд теңге алған. Бұл желтоқсанмен салыстырғанда 77%-ға төмен болғанымен, жылдық есепте 5%-ға жоғары.
Бұған қоса, «Отбасы банкі» жаңа шектеу енгізді. Бұдан былай зейнетақы жинағымен ипотеканы мерзімінен бұрын өтегенде, ақша тек негізгі қарызды жабуға бағытталады. Ал пайыздық мөлшерлемені өтеу үшін салымшы өз қалтасынан төлеуі тиіс.
Ал емделу мақсатында алынған төлемдер мүлдем аз. Бір айда небәрі 600 адам 0,6 млрд теңгеге өтінім берген.
06 ақпан 2026 ж. 125 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728