Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде алдағы күндері ауа райы күрт суытып, аяз күшейеді

Елімізде алдағы күндері ауа райы күрт суытып, аяз күшейеді

Фото: freepik.com
Қазақстанның бірқатар өңірінде 6-8 ақпан аралығында аяз күшейеді, бұрқасын соғып, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 6 ақпанда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында ауа температурасы күрт төмендейді деп болжанып отыр. 
Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 23-28 градусқа дейін, Қостанай облысында 20-25 градусқа дейін, Солтүстік Қазақстан облысында 18-23 градусқа дейін түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде және күндіз 15-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Жамбыл, Абай және Түркістан, Жетісу облыстарында жел күшейеді, кей аумақтарда екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді, тау бөктерінде жел екпіні 30 м/с және одан асады деп болжанады.
Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, сондай-ақ елдің бірқатар орталық және солтүстік өңірінде қар аралас жаңбыр жауады.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Ұлытау облысында боран, көктайғақ және тұман болжанып отыр.
Астанада жауын-шашын болады, кей уақытта қатты қар жауып, көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.
7 ақпанда Ақмола облысы, Ұлытау облысы, Павлодар және Қарағанды облыстарында аяз күшейеді. Бұл өңірлерде түнде ауа температурасы 17-22 градус аралығында болады. 
Астанада 7 ақпанда ауа температурасы түнде 18-20 градус аязға дейін күрт төмендейді.
8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, шығысында 18 градус аязға дейін күрт төмендейді.
06 ақпан 2026 ж. 130 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728