Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәні зор «Махаббат марафоны»

Мәні зор «Махаббат марафоны»

Қазіргі күні отбасы құндылығын арттыру, бала тәрбиесі мен жас жұптардың шаңырағын бекем қылу күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Бұл бағытта идеологиялық тұрғыдан нақты қадамдар жасалуда. 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні қарсаңында аталған мәселелерді бірдей қамтыған сайыс өтті. «Mahabbat marathon – 2023» деп аталатын жұптық марафон Қазалы ауданында ауқымды деңгейде өтті.
Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өткен жарысқа Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауданға қарасты ауылдық округтерден 50-ге жуық отбасы қатысып, бақ сынады.
Жұптарға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетов сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстанушы азаматтарға ризашылығын білдірді.
– Жаңадан шаңырақ көтерген жастардың арасында кейкілжің жиі орын алатыны белгілі. Мұны қазақ «Үйлену – оңай, үй болу – қиын» деген бір ауыз сөзбен-ақ жеткізген. Бір отбасы – шағын мемлекет екенін ескерсек, әрбір жас отаудың керегесі кең, шаңырағы берік болуына қоғам болып атсалысуымыз маңызды. Бүгінгі игі бастама ең алдымен жұптардың бір мүддеге ұйып, бір мақсатқа жұмылуына сеп болары анық. Олардың берік қатынасын көріп өскен балаларымыз да келешегіне орамды ой түйеді деп сенеміз. Сол себепті махаббатты марафонға дәстүрлі сипат бергіміз келеді. Бүгінгі сайыста ешкім жеңілмейтінін, қайта көздеген мақсатқа бірге ұмтылуға қадам жасайтындарыңызды естен шығармағандарыңыз жөн. Сәттілік серік болсын, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Мұнан соң 50-ге жуық жұп Қ.Пірімов көшесінің бойындағы Спорт кешенінен бастап «Жеңіс» паркіне дейін 2 шақырым қашықтықты еңсерді. Нәтижесінде мәре сызығына алғашқы келген жеңімпаздар мен жүлдегерлер абырой биігінен көрінді.
Атап айтсақ, бірінші орынды лақалылық Исатай Махашев пен Әсем Баймұратова еншілеп, 50000 мың теңге қаржылай сыйақы иеленді. Оңталап Жалмаханов пен Эльмира Медетбай есімді ғашықтар екінші орынды меншіктесе, үшінші орынды Алдияр Жамет пен Анель Әбдіраш қанжығаға басты. Мұнан бөлек 10 жұпқа арнайы сыйлық табысталды.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
16 мамыр 2023 ж. 161 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 62

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930