Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйріктер 12 шақырымға жүгірді

Жүйріктер 12 шақырымға жүгірді

Бүгін Қазалы ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Qazaly Marathon – 2021» тақырыбымен желмен жарысқан жүйріктер 12 шақырымға жүгірді.
Марафонға жерлестерімізбен қатар, Қызылорда, Байқоңыр қалалары және Жалағаш, Қармақшы аудандарының 200-ге жуық спортшы қатысты.
Әйтеке би кентіндегі теміржол вокзалында жарыс жолына шыққан спортшыларға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстанушы азаматтарға алғысын айтты.
Мұхтар Әуесұлы мұнан соң өзі де марафонға қатысушылардың қатарына қосылып, спортшылармен бірге жүгірді.
Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыстың жеңімпазы Қармақшы ауданынан келген Мейірімжан Мақшат атанды. Жүлделі екінші орынды байқоңырлық Данияр Баймаханов иеленсе, қола жүлдеге тағы бір қармақшылық Бағдат Елібаев жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен жарыстың демеушісі, жеке кәсіпкер Әділет Қарымсақ құттықтап, оларға 50, 40 және 30 мың теңге қаржылай сыйақы табыс етілді. Сондай-ақ, алғашқылардың қатарында келген спортшылар «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықтарға ие болды.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

10 қазан 2021 ж. 640 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 122

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 103

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 112

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031