Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда махаббат марафоны өтті

Қазалыда махаббат марафоны өтті

Бүгін Қазалыда 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай « Mahabbat marathon – 2023» атты жұптық марафон жарысы өтті.
Аудандық “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен өткен марафонға Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтерден 50-ге жуық отбасы қатысып, бақ сынады.
Жұптарға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстанушы азаматтарға алғысын айтты.
Мұнан соң желаяқтар Қ.Пірімов көшесінің бойындағы Спорт кешенінен бастап “Жеңіс” паркіне дейін 2 шақырым қашықтықты артқа тастады. Нәтижесінде мәре сызығына алғашқы келген жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың “Алғыс хаты” табысталып, қаржылай сыйақы берілді.
Одан бөлек, қатысушы 10 жұпқа арнайы сыйлықтар үйлестірілді.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
14 мамыр 2023 ж. 405 0

Қазалының Балтабайы еді

31 қаңтар 2026 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031