Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүйріктер жарыс жолында

Жүйріктер жарыс жолында

Жексенбі күні Қазалы ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Qazaly Marathon – 2021» тақырыбымен желмен жарысқан жүйріктер 12 шақырымға жүгірді.
Марафонға жерлестермен қатар, Қызылорда, Байқоңыр қаласы және Жалағаш, Қармақшы аудандарынан 200-ге жуық спортшы қатысты.
Әйтеке би кентіндегі теміржол вокзалында жарыс жолына шыққан спортшыларға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын ұстанушы азаматтарға алғысын айтты.
Мұхтар Әуесұлы мұнан соң өзі де марафонға қатысушылармен бірге жүгірді.
Қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жарыстың жеңімпазы Қармақшы ауданынан келген Мейірімжан Мақшат атанды. Жүлделі екінші орынды байқоңырлық Данияр Баймаханов иеленсе, қола жүлдеге қармақшылық Бағдат Елібаев қол жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов пен жарыстың демеушісі, жеке кәсіпкер Әділет Қарымсақ құттықтап, 50, 40 және 30 мың теңге қаржылай сыйақы табыс етті. Сондай-ақ алғашқылардың қатарында келген спортшылар Алғыс хат пен бағалы сыйлыққа ие болды.

“ҚАЗАЛЫ” ақпарат
12 қазан 2021 ж. 799 0

Наградалар табысталды

10 сәуір 2026 ж. 102

Мал ұрлығына жол жоқ

10 сәуір 2026 ж. 150

Грант байқауы басталды

10 сәуір 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930