Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шахтерлердің зейнет жасына қатысты шешім мамырдың аяғында қабылданады

Шахтерлердің зейнет жасына қатысты шешім мамырдың аяғында қабылданады

Зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайында істейтін қазақстандықтарды зейнетке ерте шығару мәселесіне қатысты шешім мамыр айының аяғында қабылданады, деп хабарлайды sputnik.kz.
Бұған дейін еңбек министрлігі зиянды өндірісте істейтін азаматтардың зейнет жасын төмендету бойынша сақтандыру компанияларының есептерін күтіп отырғаны хабарланған болатын.
Үкімет кулуарында журналистер бұл мәселенің қалай шешілгенін сұрады.
"Кеше мен жұмыс берушілермен кездестім. Бүгін біз сақтандыру қорларымен кездесеміз. Таяу арада мәмілеге келеміз деп ойлаймын. Мен ертең-ақ консенсусқа келуге дайынмын, бірақ бұл жерде біздің серіктестер бар ғой. Айдың аяғында біз сіздердің алдарыңызға шығамыз", - деп жауап берді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет кулуарында.
Айта кетері, еңбек министрлігі зиянды өндірісте 25 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан азаматтарға міндетті кәсіби зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлеуді ұсынып отыр. Сонымен қатар осы азаматтарға кәсіби еңбек ету қабілетінен айырылса, кәсіби зейнетақыға қосымша арнайы төлем тағайындау ұсынылды.
Ведомство бұл ұсыныстарды сақтандыру компанияларымен талқылап жатыр.
16 мамыр 2023 ж. 257 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930